Жарнама
Жарнама

«ЕРТІС» ШОШИДАН БАС ТАРТТЫ

10.02.2012, 07:22
Жарнама
Жарнама

  Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Ертіс» футбол командасы Венгрияның «Дебрецен» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең тарқасты. Аталмыш кездесуге қос команданың бапкерлері алаңға негізгі құрамның ойыншыларын шығарды. Естеріңізге сала кетейік, «Дебрецен» 2008 жылы УЕФА Кубогы жолындағы жарыста қарағандылық «Шахтердің» жолын кескен болатын. «Ертіске» байланысты тағы бір жаңалық. Бас бапкер Талғат Байсуфинов 24 жасар легионер Моринглен Шошиден бас тартты. Команда сапында сынақта жүрген футболшы «Ертісте» ойнамайтын болды.  

Еркебұлан ҚЫЗДАРБЕК

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров