Павлодардың "Ертісі" сотта жеңіліп қалғанын айттық. Енді бұл ұжым Димитар Димитров пен оның екі көмекшісіне қомақты қаржы беруі тиіс. Димитарға 700, қалған екі әріптесіне 300 мың еуро. Енді осы соманы 1 маусым күніне дейін төлеуі тиіс деп шешім шығарды ФИФА. Ал енді не болары белгісіз. Павлодар қаласының командасы қазір қиын жағдайда. Клуб банкротқа отырды. Егер қаржыны төлемесе ФИФА бұл командаға қандай жаза қолданар екен? Ұпайын шегере ме, жоқ әлде трансферлік бан қоя ма?
Біздің серіктес: FONBET