Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, павлодарлық «Ертіс» клубын Ринат Алюетов жаттықтыруы ықтимал.
Клуб басшылығы қазір 35 жасар бапкермен келіссөздер жүргізуде.
Ринат Алюетов бапкерлік жолының басында «Жетісу Б» командасымен жемісті өнер көрсетіп, тәуір нәтиже берген болатын. Осыдан кейін Ринат Мұратұлы 31 жасында «Жетісудың» басты командасын тізгіндеген. Сол кезеңде ҚПЛ-дегі ең жас бас бапкер есептелген маман, сондай-ақ, түркістанның «Тұранын», елордалық «Жеңіс», семейдің «Елімайын» баптады. Соңғы жұмыс орны ақтаулық «Каспий» клубы. Отандық маман былтырғы жылдың аяғынан бері жұмыссыз.
Павлодарлық клуб Бірінші лига 8 турдан кейін 18 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан. «Ертісті» маусымға Қайрат Нұрдәулетов дайындап, бірнеше тур бойы табысты жаттықтырған, алайда маусым басында аяқ-астынан қызметінен өз еркімен кеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET