Гридин – бас мерген, бірақ бәрібір Бақаев көшбасшы
Қазақстанның мерейтойлық 20-ұлттық біріншілігі аяқталғанына 2,5 ай өтсе де, маңызын ешқашан жоя қоймайтын бір мәселені оқырман назарына ұсынғым келеді. Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстан премьер-лигасы мерген футболшыға жарымай жүр. Мұрат Тілешев пен Владимир Байрамов 2009 жылы біріншіліктің бас мергені атағын 20 голмен жеңіп алған соң, соңғы екі жылда дәл осы межеге жеткен футболшы болған жоқ. Оны айтасыз, өткен 2011 жылы Қазақстанның ешбір (!) футболшысы барлық турнирде енгізген голдарының санын 20-ға жақындата алмады…
Голдар ресми матчтар санатынан ғана есепке алынады. Яғни, премьер-лигада, ел кубогында, еурокубоктарда және ұлттық құрама сапында соғылған голдар. Салыстырмалы түрде Қазақстанда гол соғу Испанияда әлде Италияда доп авторы атанудан қиын сияқты. Бұл – әзіл, әрине. Бірақ Испания примерасында бір жылда 43 гол соққан Криштиану Роналдумен Ұ.Бақаевтің – 18, С.Хижниченконың 16 голын мүлде салыстыра алмаспыз. Криштиану Роналдудікі – нағыз еңбек, ол тіпті таза шабуылшы да емес, шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Ол өзі қатысқан турнирлердің бәрінде дерлік нәтижелі. Ал біздікілер…
М.Тілешев «Ақтөбе» сапындағы екінші жылында, яғни, 2010 жылы гол көрсеткішін төмендетті. Былтыр «Ертісте» өз еншісіне барлық турнирлерде 2 гол ғана жаза алды. Бұл сәтсіздікке көлденең жарақаттар да кері әсерін тигізері сөзсіз. Дегенмен Мұратты мысалға келтіру арқылы біз жыл сайын кем дегенде 10 гол соғатын шабуылшының Қазақстан деңгейінде мүлде азайып бара жатқанын ескерткіміз келеді.
2011 жылдың бас мергені – Сергей Гридин. «Тобылға» ауысқанша «Цеснада», «Алматыда» және «Жетісуда» бақ сынап көрген шабуылшы бұған дейін премьер-лигада бір де бір гол соқпаған еді. «Тобылға» барғасын тынысы ашылды. Ең бастысы, Гридиннің 18 голы 3 турнирде – Қазақстан чемпионатында, Қазақстан кубогында және ұлттық құрамада енгізілді. Бұл да шабуылшының деңгейін паш етеді. Тек еурокубоктарда ғана ол мергендігін көрсете алған жоқ. Оның үстіне, өткен жылы «Тобыл» еурокубоктарда 2 ойын ғана (Братиславаның «Слованымен») өткізіп, 1 гол ғана соға алды, оның өзін «Слован» қорғаушысы Штепановски өз қақпасына енгізіп алды. Гридин сияқты бір жылда үш турнирде гол соғып, көзге түскендер некен-саяқ: Г.Мальцев пен Г.Даскалов (екеуі де «Ертістен»), Ж.Көкеев пен Ұ.Қонысбаев (екеуі де «Шахтерден»).
Гридинді 2011 жылдың бас мергені дей отырып, бұл бейресми атақтың шартты екенін де ескерткіміз келеді. Өйткені, Қазақстан чемпионатының бас мергені атанған Ұ.Бақаевтың Азия кубогында Йордания құрамасының қақпасына соққан қос голын санатқа қоспадық. Өйткені, Бақаев – Өзбекстан құрамасының шабуылшысы. Оның өз құрамасы үшін соққан доптары біздің есебімізге қосылмасы анық. Десе де, бір жылдағы мергендік көрсеткіші бойынша ол бәрібір біздің Гридинді артқа тастап кетеді.
Жалпы, 2011 жылы өздері қатысқан барлық турнирлерде мергендік танытқан футболшылар тізімі мынадай (ең төменгі көрсеткіш – 10 гол):
2011 мергендері |
Барлығы |
ПЛ |
ҚК |
ҰҚ |
ЕК |
1. Сергей Гридин («Тобыл») |
18 |
12 |
4 |
2 |
0 |
2. Ұлықбек Бақаев («Жетісу») |
18 |
18 |
0 |
0 |
0 |
3. Сергей Хижниченко («Шахтер») |
16 |
16 |
0 |
0 |
0 |
4. Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы») |
15 |
11 |
4 |
0 |
0 |
5. Мәлік Мане («Ақтөбе») |
14 |
12 |
0 |
0 |
2 |
6. Глеб Мальцев («Ертіс») |
12 |
10 |
1 |
0 |
1 |
7. Драган Богавац («Астана») |
12 |
12 |
0 |
0 |
0 |
8. Жамбыл Көкеев («Шахтер») |
11 |
9 |
0 |
1 |
1 |
9. Георгий Даскалов («Ертіс») |
11 |
9 |
1 |
0 |
1 |
10. Неманья Йованович («Тараз») |
10 |
7 |
3 |
0 |
0 |
11. Константин Головской («Қайрат») |
10 |
10 |
0 |
0 |
0 |
12. Нұрбол Жұмасқалиев («Астана») |
10 |
10 |
0 |
0 |
0 |
2. Гридин ең көп ойынға қатысты, бірақ Мессидікінен бәрібір аз
Футболшы көп доп соғу үшін не қажет? Оның негізгі құрамда ойнауы, әріптестерімен жақсы түсіністігі, стандартты жағдайларды өз пайдасына шеше білуі. Дегенмен ең басты қажеттілік – бір маусымдағы ойын санының көп болуы. Бұл тұрғыда келгенде қазақстандық футболшылар «жұмақта» жүр. Орта есеппен олар бір жылда 35-37 матч қана өткізеді. Ал бұл дегеніңіз – Месси, Хави, Рунилердікінің жанында түк емес. Әлемдік деңгейдегі футболшылар бір маусымда 60-65 ресми матчқа қатысады.
Жабайы есеп жүргізіп көрейік. Еуропаның алдыңғы қатарлы лигаларында 20 команда өнер көрсетеді, бұл дегеніңіз – лига аясында ғана 38 ойын дайын тұр деген сөз. Бұдан әрі ел кубогы, лига кубогы, еурокубоктар, соңында құрама сапындағы матчтар бар. 65 ойын осыдан шығады. Ал көп матчқа тұрақты қатысып, бабын сақтап жүрген мерген ойыншы сөзсіз көп гол соқпақ.
Ал бізде ше? 2011 жылы премьер-лиганың әрбір командасы 32 ойын өткізді. Ел кубогында жартылай финалға дейін командалар бір матчтан ғана өткізіп отырды, финалға жеткен «Ордабасы» мен «Тобыл» ойыншыларының өзі бар-жоғы 6 матчқа қатысты. Ұлттық құрама 8 кездесу ғана өткізді. Еурокубоктарда алға басты деген «Ертіс» пен «Шахтер» 4 рет қана алаңға шықты. Сонда осы ойындардың бәріне үздіксіз қатысты деген футболшының өзі бір маусымда 50 матчқа ғана қатысады екен. Бұл көрсеткіш алыс Еуропаны қойып, іргеміздегі Ресейдікінен де аз. Ресейде ЦСКА-ның қос орталық қорғаушысы Василий Березуцкий мен Сергей Игнашевич тиісінше 58 және 55 матч өткізіп, көш бастап тұр. Олардікі еуропалық орта деңгейге жақындайды.
2012 жылы премьер-лига командалары 26 матч өткізеді. Бұл былтырғыдан 6 матчқа аз. Демек, ел кубогында әр кезең матчтарын қосарлап, яғни, өз алаңында және сырт алаңда өткізу қажет. 2011 жылы ең көп матчқа қатысқан С.Гридин орта есеппен әрбір 2,38 матчында гол соғыпты. Жаман көрсеткіш емес. Бірақ Гридин Әзербайжан қақпасына қос гол енгізгеннен кейін, ұлттық біріншілікте бір доп соғып, одан әрі екі ай бойы қарсыластың айып алаңын ұмытып кетті. Бабын жоғалтты.
2011 жылы ең көп ойын өткізген футболшылар (соңғы шек – 35 ойын):
Ең көп ойын өткізгендер |
Барлығы |
ПЛ |
ҚК |
ҰҚ |
ЕК |
С.Гридин («Тобыл») |
43 |
30 |
6 |
5 |
2 |
С.Хижниченко («Шахтер») |
42 |
31 |
2 |
5 |
4 |
С.Остапенко («Жетісу») |
41 |
32 |
1 |
8 |
0 |
М.Хайруллин («Ақтөбе») |
40 |
30 |
1 |
5 |
4 |
Қ.Нұрдәулетов («Астана») |
40 |
31 |
1 |
8 |
0 |
М.Мұхтаров («Ордабасы») |
39 |
28 |
6 |
5 |
0 |
Г.Даскалов («Ертіс») |
39 |
29 |
5 |
0 |
4 |
А.Кислицын («Тобыл») |
39 |
30 |
6 |
1 |
2 |
С.Сымақов («Ақтөбе») |
38 |
30 |
1 |
3 |
4 |
Г.Вичюс («Шахтер») |
38 |
30 |
2 |
2 |
4 |
А.Нұрғалиев («Ордабасы») |
38 |
29 |
6 |
3 |
0 |
В.Волков («Тобыл») |
38 |
31 |
5 |
0 |
2 |
А.Касьянов («Ордабасы») |
37 |
31 |
6 |
0 |
0 |
Қ.Әшірбеков (Ордабасы») |
37 |
31 |
6 |
0 |
0 |
В.Евстигнеев («Ордабасы») |
37 |
29 |
5 |
3 |
0 |
Д.Тәжімбетов («Ордабасы») |
37 |
30 |
6 |
1 |
0 |
Н.Кургулин («Тараз») |
37 |
31 |
5 |
1 |
0 |
О.Недашковский («Тараз») |
37 |
32 |
5 |
0 |
0 |
Э.Сергиенко («Ертіс») |
37 |
31 |
2 |
0 |
4 |
А.Джидич («Шахтер») |
37 |
31 |
2 |
0 |
4 |
А.Мокин («Шахтер») |
37 |
31 |
0 |
2 |
4 |
Е.Кенжесариев («Ақтөбе») |
37 |
32 |
1 |
0 |
4 |
Н.Василевич («Шахтер») |
37 |
31 |
2 |
0 |
4 |
М.Кулибали («Ертіс») |
37 |
28 |
5 |
0 |
4 |
Ю.Логвиненко («Ақтөбе») |
36 |
28 |
0 |
4 |
4 |
Ж.Көкеев («Шахтер») |
36 |
27 |
1 |
4 |
4 |
Е.Овшинов («Тобыл») |
36 |
28 |
6 |
0 |
2 |
П.Говедарица («Ертіс») |
36 |
29 |
3 |
0 |
4 |
С.Бекрич («Тобыл») |
35 |
29 |
5 |
0 |
1 |
Н.Шливич («Тобыл») |
35 |
27 |
6 |
0 |
2 |
С.Костюк («Тобыл») |
35 |
28 |
6 |
0 |
1 |
Ескерту: ПЛ – премьер-лига,
ҚК – Қазақстан кубогы,
ҰҚ – Қазақстан ұлттық құрамасы,
ЕК – еурокубоктар