Жарнама
Жарнама

Есепшоттарына миллиондар түседі – “Тобыл” басшылығы “Ордабасының” зәресін ұшырған сыйақы жариялады

23.05.2026, 14:50

Қазақстан Премьер лигасындағы бүгінгі басты текетірес — Қостанайлық "Тобыл" мен Шымкенттік "Ордабасы" арасындағы матч қарсаңында таңғаларлық жаңалық жарияланды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Елдар Аманбаевтың мәліметінше, турнир кестесінің түбіне батқан Қостанайлық ұжымның басшылығы ел чемпиондарына қарсы ойын алдында өз футболшыларына бұрын-соңды болмаған қомақты қаржылай уәде берген.

Маусымды өте нашар бастап, жанкүйерлерін жерге қаратқан "Тобыл” үшін бұл ойынның маңызы тым бөлек. ҚПЛ-дің басты фавориттерінің бірін тоқтату үшін клуб жетекшілері қаржылай көмекке жүгінуді жөн көрген.

Егер Қостанайлықтар Шымкент клубынан 3 ұпай тартып алатын болса, ойыншылардың есепшоттарына үш еселенген үлкен сыйақы түспек. Мұндай мотивация футболшылардың алаңда аянып қалмасына кепіл болса керек.

Айта кетсек, бұл кездесу — "Тобыл" үшін биылғы маусымдағы өз алаңындағы тұңғыш ресми матч. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров