Жарнама
Жарнама

“Ешқандай қауіп жоқ, олардың деңгейі тым төмен” – “Қайрат” шынымен де оңай қарсыласқа тап болды ма?

17.06.2026, 18:32

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі Алматылық “Қайрат” пен Черногорияның “Сутьеска” клубтары арасындағы матчқа қатысты сарапшылар өз болжамдарын жасауда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Черногория ұлттық құрамасының және елордалық “Астананың” бұрынғы жартылай қорғаушысы Дамир Кояшевич Sports24.kz-ке берген сұхбатында бұл текетіресте кімнің жеңіске жететінін дөп басып айтып, өз отандастарының мысын басып тастады.

Дамир Кояшевич өз елінің чемпионы “Сутьесканың” деңгейін жерге ұрып, Қазақстандық клубтың деңгейі олардан көш ілгері екенін ашық мәлімдеді. Оның пайымдауы бойынша, бұл ойында Алматылықтарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

“Бұл ойында “Қайратқа” мүлдем қиын болмайды. Себебі Қазақстандық клуб Черногория ұжымынан барлық жағынан тым мықты әрі олардан деңгейі айтарлықтай жоғары. Менің ойымша, “Қайрат” бұл матчта ешқандай қиындықсыз, өте жеңіл түрде жеңіске жетеді.” — дейді Дамир.

Кояшевич қарсыластың Черногория біріншілігінде алтын алғанына алданбау керектігін ескертті.

"Иә, “Сутьеска” өз чемпионатында бірінші орын алды, бірақ бұл олардың мықтылығын емес, Черногориядағы өзге командалардың тіпті сорлы әрі тым әлсіз екенін ғана білдіреді.” — деп өз елінің футболын аяусыз сынап тастады ол.

Қос ұжым арасындағы алғашқы шайқас 7 немесе 8 шілдеде Алматы төрінде, ал арада бір апта өткен соң, 14 немесе 15 шілде күндері Черногория жерінде қарымта матч ұйымдастырылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров