Жарнама
Жарнама

Ескендір Қыбырай арқа асып Атырауға аттанды

          Былтыр «Шахтер» сапында өнер көрсеткен Ескендір Қыбырай жаңа маусымда «Атырауда» доп теппек. Қарағанды футбол мектебінің түлегі «мұнайшылармен» бірге алғашқы қысқы оқу-жаттығу жиынына Түркияға аттанып барады.

Жарнама
Жарнама

          Былтыр Қазақстан Премьер-лигасында Ескендір небәрі 10 ойын өткізген. Соның өзінде бір нәтижелі паспен көзге түсіпті. Ал өз түлегіне сенім артпаған «Шахтер» тарихында алғаш рет төменгі лигаға құлдырады. Арқа жайлы болса, арқар ауып не бар? 27 жастағы Қыбырай Бірінші лигада қалмай, ҚПЛ-да өнер көрсетуді көздеп отыр. Оң-солы бір қорғаушыға «Атырау» көз салып, қатарына шақырыпты. Сенімді дерек көздерге сенсек, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында клуб пен ойыншы келісім-шартқа отырады деген ақпарат бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров