2010 жылдың қорытындысы бойынша Африканың ең үздік ойыншы атағын өзінің спорттық ғұмырында төртінші рет «Интердің» камерундық шабуылшысы Самуэль Это’О жеңіп алды. Дауыс берудің ақтық сыныда Қара құрлықтың үздік ойыншысы атануға басты үш үміткер қалған болатын. Олар: ивуарлық Дидье Дрогба («Челси»), камерундық Самуэль Это’О«Интер» және ганалық Асамоа Гьян («Ренн»/«Сандерленд»).
Былтырғы жылғы жеңімпаз,Дрогба2009/10 маусымда АПЛ-дің ұздік сүрмергені, сонымен қатар «Челсимен»ағылшын чемпионатын және кубогін жеңген. 2010 жылғы қара құрлық үшін бірінші әлем мундиалында Дрогба бастаған Кот-д’Ивуар құрамасы ӘЧ топтық кезеңінен де өте алмаған. Ал Дидьенің өзі жарақатынан толық арылмай, жанкүйерлердің көңілінен шығатындай ойын көрсете алмады. Бірақ соған қарамастан ОАР-да өткен біріншілікте бір гол соғып үлгерген. Дауыс беру қорытындысы бойынша Дрогба биыл үшінші орынға сырғып түсті.
Ал, екінші орында биыл Гьян тұрақтады. Асамоа «Ренн» командасымен айтарлықтай жетістікке қол жеткізбесе де, ӘЧ 1/4 фианлына жеткен Гана құрамасының нағыз көшбасшыларының бірі болды.
Жеңімпаз туралы бірер ауыз айта кетсек, Сами Это’О биылғы жылы ұлттық құрамасымен әлем бірішілігін өте сәтсіз өткізді. Қара құрлықтағы ӘЧ камерундықтар топтық кезеңінен өту мүмкіндігінен айырылған бірінші құрама болды. Ұлттық құраманың сәтсіз ойынына қарамастан Сами екі голдың авторы атады. Ағымдағы жылдың ішіндегі Это’О-ның негізгі жетістіктері италиялық «Интермен» байланысты. Нерадзурри сапында камерундық жігіт Чемпиондар Лигасын, Италия біріншілігін, Италия Кубогін және Суперкубогін, өткен жұма күні клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.
Айта кетйік, үздік ойыншыны анықтауда африка футбол федерациясынан 53 өкіл қатысқан. Олар: Қара құрлық елдерін жаттықтыратын бас бапкерлер, сонымен қатар сол елдердің техникалық директорлары.
Бұл жиында үздік ойыншы анықтаумен қатар, Африканың символикалық құрамы да белгілі болды. Оның ішінне жоғарыдағы үштіктен басқа, Ваэль Гомаа, Ахмед Эль-Мохамади, Ахмед Хассан (бәрі - Египет), Тайе Тайво, Венсан Эньяма (екеуі де - Нигерия), Кевин-Принс Боатенг, Андре Айю (екеуі де - Гана) және Маджид Бугерра (Алжир) сынды әр елді үздіктері енген.
Уалихан ҚОСАНБАЙ