Украина құрамасы. Бұл жас құрама. Украина болып тәуелсіздіктерін алғаннан кейін, алғашқы ойындарын 1992 жылы өткізді. Венгрия құрамасымен болған матчта 1-3 есебімен қарсыластарына жол берді.
Өзге матчтар арасында ең ірі жеңісі мен жеңілісі Сан-Марино және Франция құрамаларымен ойында тіркелді. 2013 жылы өз алаңында Сан-Мариноны жауапсыз 9 гол айырмасымен жеңді. Ал, француздарға өткен жылдың соңында 1-7 болып, өз тарихтарындағы ең ірі жеңіліске ұшырады.
29 жылда Украина құрамасы бір мәрте Әлем чемпионатында, екі мәрте Еуропа чемпионатында бақ сынады.
Алғаш қатысқан жалғыз әлемдік доп додасында 1/4 финалға жетіп жығылды. 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысып, топтан ары аспады. 2012 жылғы Еуропа чемпиона алаң қожайыны ретінде қатысты.
Бұл құраманың үздіктер қатарында Анатолий Тимощук және Андрей Шевченко бар.
Алғашқысы қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Анатолий Тимощук Украина құрамасында ең көп ойын өткізген футболшы. Еншісінде 144 ойын бар.
Келесісі украиндардың бас құрамасы үшін 111 ойынға шығып, 48 гол соққан.
Еуро-2020 турниріне іріктеу кезеңінде кішігірім сенсация жасады. Топта бірінші орын алып, осы турнирдің қазіргі чемпиондарын (Португалия) артта қалдырды. Топта сегіз ойынның ешбірінде жеңілмеді. Екі ойында тең ойынап, алтауында қарсыластарынан басым болды.
Осы ұлттық құраманың ең үздік сұрмергені Андрей Шевченко, қазіргі уақытта бас бапкер қызметінде жұмыс атқаруда.
11 маусым өз бастауын алатын ала доп бәсекесінде Украина С тобында Голландия, Австрия, Солтүстік Ирландия құрамаларымен келесі кезең жолдамасына таласатын болады.
Серікбол Нақысбек
Біздің серіктес: FONBET