Жарнама
Жарнама

Еурокубоктағы ең тәжірибелі отандық клубты білесіз бе?

07.07.2025, 14:24

Ертең Қазақстанның 4 отандық клубы ресми түрде 2025/2026 жылғы маусымындағы еурокубок жолдарын бастайды. Осы орайда кейінгі 24 жылдағы клубтардың көрсеткішін ұсынуды жөн көрдім.

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның УЕФА-ға кірген сәті

2002 жылы Қазақстан УЕФА қауымдастығына ауысқан сәтте 3 бірдей отандық клубымыз кәрі құрлықтың басты додаларында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

«Жеңіс» Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде «Шерифке» (Молдова) есе жіберсе, «Қайрат» пен «Атырау» УЕФА кубогында Сербия мен Словакия елдерінің ұжымдары қақпасынан саңылау алмады.

Содан бері командаларымыз үздіксіз (2004 жылы ғана қатыспады) Еуропаның ірі турнирлерінде бақ сынап келе жатыр. Иә, жетістіктеріміз де жоқ емес. 23 жылдың ішінде отандық клубтарымыз 1 мәрте Интертото кубогын жеңіп алды. 1 рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңі, 5 рет Еуропа лигасының топтық кезеңі, 3 рет Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, 1 мәрте «Астана» ұжымы Еуропа лигасының плей-оффына өтті.

Ең тәжірибелі клуб

20 жылдан астам уақытта 14 клубымыз өз күштерін еурокубокта сынап үлгерген.

«Астана» - 112 ойын (38 жеңіс, 26 тең, 48 жеңіліс)

«Қайрат» - 54 ойын (22 жеңіс, 10 тең, 22 жеңіліс)

«Ақтөбе» - 52 ойын (17 жеңіс, 12 тең, 23 жеңіліс)

«Тобыл» - 52 ойын (19 жеңіс, 9 тең, 24 жеңіліс)

«Шахтер» - 36 ойын (12 жеңіс, 8 тең, 16 жеңіліс)

«Ордабасы» - 22 ойын (4 жеңіс, 8 тең, 11 жеңіліс)

«Ертіс» - 18 ойын (6 жеңіс, 5 тең, 7 жеңіліс)

«Атырау» - 6 ойын (1 тең, 5 жеңіліс)

«Жеңіс» - 4 ойын (1 жеңіс, 3 жеңіліс)

«Жетісу» - 4 ойын (1 тең, 3 жеңіліс)

«Қызылжар» - 4 ойын (1 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс)

«Алматы» - 2 ойын (1 тең, 1 жеңіліс)

«Оқжетпес» - 2 ойын (1 жеңіс, 1 жеңіліс)

«Қайсар» - 1 ойын (1 жеңіліс)

Биыл кімнен үміт күтесіз?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: