Жарнама
Жарнама

«Еурокубоктегі» жетістік «Ақтөбенің» екінші тынысын ашуы мүмкін? Команданың биыл чемпиондыққа таласатын қауқары бар

28.07.2025, 11:36

Екінші айналымның соңғы бөлігінде екінші тынысы ашылуы мүмкін команданың бірі «Ақтөбе» деп есептейміз.

"Ақтөбе" - "Спарта" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Неге олай? Ең алдымен – клуб сапалы трансферлер жасады. «Ақ-қызылдардың» қатары бірнеше позицияда жақсы орындаушылармен толыққан - Оралхан Өміртаев, Георгий Жуков, Артур Шушеначевті айтуға болады. Вячеслав Швыревті де мамандар шабуыл шебін күшейтетін ойыншы ретінде бағалайды. Біздің тұрақты сарапшыларымыз осындай пікірде және соның ішінде әсіресе белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Ақтөбеге» ерекше сенім артады. Танымал маман КЛ 2-іріктеу кезеңінің бірінші бәсекесінен кейін команданың жаңа футболшыларына тоқталып, жоғары бағасын берген болатын. Жалпы, «Ақтөбенің» өткен бейсенбідегі кездесуін маусымдағы ең үздік деп бағалап, жаңа футболшыларға «Ақтөбенің» философиясын толық түсіну үшін азда уақыттың керектігін алға тартқан. Шын мәнінде «Спартаға» қарсы бәсекеде  «ақ-қызылдар» сапындағы жаңа ойыншылар өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Жеңіс голын соққан Оралхан Өміртаев, алаңның ортасында қыруар жұмыс атқарған Георгий Жуков. Осы Еурокубоктегі жетістік, чехиялықтарға қарсы болған осындай жарқын ойындар «Ақтөбеге» бір импульс беретін анық. Вячеслав Левчуктің командасы жауап матчта дегеніне жете алмай, жарысты аяқтасын, мейлі, «Ақтөбеде» бір серпіліс болатындай көрінеді бізге. Украиналық маман «Спартаға» қарсы ойындағы нұсқамалары мен тактикасын премьер-лигадағы ойындарда іске асырса, жемісін беруі ықтимал.

«Ақтөбенің» чемпионат соңына дейін 10 ойыны қалды. Оның төртеуі алғашқы 5-ің қатарындағы командаларға қарсы – «Елімаймен» 10-тамыз, «Қайрат» 14-қыркүйек, «Астана» 18-қазан, «Ордабасы» 26-қазан.  

Осы кездесулер «Ақтөбенің» чемпиондықтағы немесе алғашқы үштіктегі орнын айқындайды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров