Жарнама
Жарнама

Еуропа біріншілігінде ойнаған футболшы «Ұлытауда»

Бүгін, 11:57

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, жезқазғандық команда грузияық жартылай қорғаушы Мате Цинцадземен келісімшартқа отыруға жақын.

Мате Цинцадзе
Жарнама
Жарнама

30-жастағы ойыншының нарықтық құны 200 мың еуро. Мате Цинцадзе «Динамо» Тбилиси сапында екі дүркін Грузия чемпионы (2013/14, 2014/15), екі реттен  Грузия Кубогі (2013/14, 2014/15) мен Суперкубогін ұтқан (2014/15). Грузия құрамасының қатарындағы дебюттік матчын Еуро-2016 іріктеуінің аясындағы Ирландияға қарсы ойында өткізген болатын. Сондай-ақ, 17-жасқа дейінгі Грузия құрамасымен Словенияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде үшінші орын алғанын да қоса кету керек.  

Мате Цинцадзе қазақ футболымен таныс - 2023-жылы талдықорғандық «Жетісу» намысын қорғаған болатын. Жетісулық клуб сапында ҚПЛ-де 24 кездесуге және Қазақстан Кубогінің аясында болған бір бәсекеде доп тепті. Өткен маусымды грузияның «Гаграсында» өткізген футболшы сондай-ақ, «Торпедо» Кутаиси, «Динамо» Батуми, албанияның «Кукеси» және Латвияның «Елгава» сияқты командаларының жейдесінде де бақ сынаған еді.             

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров