Ресейлік "Тюмень" клубының қазақстандық қақпашысы Александр Довгаль өз трансферлік құнын арттырды. Transfermarkt-тың жаңартылған нұсқасында оның бағасы 125 мың еуро деп көрсетілген, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен жылдың қарашасында "Оқжетпес" түлегінің құны 50 мың еуродан 75 мың еуроға дейін көтерілген болатын. Ал 2025 жылдың наурызында бұл баға 125 мың еуроға яғни 68,14 миллион теңгеге жетті. Бұл 50 мың еуроға өскенін білдіреді, яғни шамамен 27,2 миллион теңгеге қымбаттаған.
24 жастағы қақпашы 2025 жылдың қаңтарында Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын "Тюмень” командасына ауысқан. Жаңа клубында ол бес матч өткізіп, оның екеуінде қақпасын голдан аман сақтады.
Өткен маусымда Довгаль "Қызыл-Жар” сапында ойнаған, бірақ бір маусымда небәрі жеті ойынға ғана қатысқан еді.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET