Жарнама
Жарнама

Еуропа чемпионатының финалы Лондонда емес, Будапешт қаласында өтуі мүмкін

18.06.2021, 21:55
Англия финалдық матчқа барлық жанкүйерлерді кіргізуге дайын емес.
Жарнама
Жарнама

Еуро-2020 турнирінің финалдық матчы Лодонда емес, Будапешт қаласында өтуі мүмкін, деп хабарлайды The Times басылымы. 

УЕФА мұндай шешімді Англия стадионға жанкүйерлерді толық кіргізуге рұқсат бермеген жағдайда қабылдайды. Қазіргі уақытта Будапешт жанкүйерлерді толық кіргізуге дайын.

"УЕФА "Уэмблиде" өтетін плей-офф матчтарына 50 пайыз жанкүйерлердің қатысатынына қуанышты. Қазіргі уақытта біз Ұлыбританияға матч күні баратын жанкүйерлердің ойынға қатысуына рұқсат беру туралы жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Біз үкіметтің қандай қысымға ұшырағанын білеміз және біз бәріне сәйкес келетін шешім таба аламыз деген ойдамыз. Қосымша жоспарымыз дайын тұр, бірақ біз финалдық матчтардың Лондонда өтетініне сенімдіміз", - деп мәлімдеді УЕФА осы жағдай туралы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров