Жарнама
Жарнама

Еуропа чемпионатының үздіктері анықталды

12.07.2021, 18:25
Үздік ойыншыдан бөлек үздік шабуылшы мен үздік жас ойыншының есімі белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Италия ұлттық құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы болып танылды. Ол Петер Шмейхельден кейін осы атақты жеңіп алған екінші қақпашы атанды.

Доннарумма бүкіл турнир бойы Италия құрамасына екі мәрте пенальти сериясында жеңіске жетуге көмектесті. Жалпы 7 матч өткізіп, 4 гол жіберіп алды, 3 матчта қақпасын голдан аман сақтады.

Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду бес голмен Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Чехиялық шабуылшы Патрик Шиктің де бес гол соққанын айта кеткен жөн, бірақ Роналду қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орында қала берді. Криштиану бір голдық пас берген, ал Шик нәтижелі пасымен көзге түсе алмады. Сонымен қатар Роналду Шикке (404 минут) қарағанда алаңда аз уақыт (360 минут) ойнады.

"Барселонада" ойнайтын Испания ұлттық құрамасының 18 жастағы жартылай қорғаушысы Педри УЕФА нұсқасы бойынша Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы деп танылды.

Педри Испания құрамасы үшін 2020 жылғы Еуропа Чемпионатында алты кездесу өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров