"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жұлдызы, әлем футболының атақты ойыншыларының бірі Луиш Нани жақын арада "Ақтөбенің" жейдесін киюі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Келісімшарт талаптары мен жалақысы
Бейресми мәліметтерге сәйкес, тараптар келіссөздердің соңғы кезеңінде. Егер трансфер жүзеге асса, 38 жастағы ардагер футболшының Қазақстандағы табысы айына шамамен 70 000 еуроны (шамамен 41,5 миллион теңге) құрамақ. Келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жасалады деп күтілуде.
Аңызға толы мансап
Нани — әлемдік футболда аты аталғанда құрметпен қарайтын тұлға. Оның спорттық жолы жетістіктерге толы:
Қайта оралу
Айта кетерлік жайт, 2024 жылдың желтоқсанында Нани кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Алайда, "Ақтөбеден” түскен ұсыныс футболшының үлкен спортқа қайта оралуына себеп болуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET