Жарнама
Жарнама

Еуропа футболындағы жаңалықтар

24.07.2013, 22:43
Жарнама
Жарнама

балеАғылшындық "Челси" клубы мерсисайдтық "Эвертон" сапында жасындай жарқылдап жүрген белгиялық Маруан Феллайниге құда түспекші. "Ақсүйектер" 25-жасар талантқа 20 млн. фунт стерлинг ұсынып отыр. Маруанның осы жылы мерсисайдтық клубтан кететіні баршамызға мәлім.Сондықтанда бұл ойыншыға көз тігіп отырған командалар бірнешеу.Олар:  «Арсенал» және«МЮ». Францияның бетке ұстар командасы "ПСЖ" тағы да талантты футболшыларды алуға асығуда. Клубтың ендігі мақсаты "қызыл сойқандардың" басты шабуылшыларының бірі нидерландық Робин ван Персиді команда қатарына қосу. Париждік клуб 29-жасар Робинге 50 млн. еуро дайындап отыр. Ағылшынның көшбасшы клубы Манчестер Юнайтед биылғы жазғы трансферлік маусымда "Тоттенхэм" сапындағы Гарет Бэйлді және де "Барселонадағы" Сеск Фабрегасты алмай тынбайтын секілді. Осы екі хабвекке 100 млн. еуро дайындап отыр. 60 млн. еуро Гарет Бэйлге, ал Сеск Фабрегаска 40 млн. еуро ұсынып отыр. Жақын күндері бұл екі футболшы "қызыл сойқандардың" намысын қорғап жатса таңданбаңыздар. Түріктің "Бешикташ" командасы киевтік "Динамода" ойнап жүрген Денис Гармашка қолқа салды. Трансферлік құны 12 млн. еуроны құрайды. Дениске римдік "Лацио" да ұсыныс тастаған болатын. "Қызыл сойқандардың" биылғы футбол базарына жақсы дайындалып келген секілді. Манкуниандықтық клубтың ендігі мақсаты туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Мирко Вучинич болып отыр. Клуб ойыншыны 15 млн. еуромен бағалап отыр. Вучинич биылғы маусымда 43 матчқа қатысып, 14 гол соққан. Бразилиялық голкипер Жулио Сезар ағылшын премьер-лигасынан түсіп қалған "КПР-ден" кетпекші екен. Соны естіген италияндық "Милан" көз қырын салды. Қақпашыға жылына 2,7 млн. еуро беріп тұруға дайын екенін мәлімдеді. Бразилиялыққа бұдан бұрын неапольдық "Наполи" клубы ұсыныс тастаған болатын. "Каролдік клубтың" қорғаушысы Рауль Альбиол "Наполи" сапына ресми түрде қосылды, бұл жайлы неапольдық команданың ресми порталы жариялады. 27-жасар футболшы үшін 12 млн. еуро берген екен. Альбиол осы кезге дейін "Хетафе", "Валенсия" клубтарында өнер көрсеткен болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров