Жарнама
Жарнама

Еуропа қарашы бұл - қазақтың баласы! Қазақстандық футболшы Испаниялық ТОП клубқа ауысты

09.09.2025, 12:30

Қазақстандық жас футболшы Салим Хасанов Испаниядағы мансабын жаңа деңгейге көтерді. 15 жастағы шабуылшы "Леванте" академиясынан "Вильярреалға" ауысты.

Жарнама
Жарнама

Хасанов үшін "Валенсия” да қызығушылық танытқан, алайда футболшыны ақыры "Вильярреал" өз қатарына қосты. Клуб жас ойыншының трансферін рәсімдеп қана қоймай, оған арнайы стипендия да бөлген.

Салимнің алғашқы қадамы Алматыда басталды. Ол "Қайраттың" жасөспірімдер командасында (U-14) ойнап, 20 гол соғып, өз жасында үздік сұрмерген атанды. Осы жетістігі арқасында жас талантқа Испаниядан скауттар назар аударып ол "Леванте” академиясына жол тартқан еді. Енді Хасанов "Вильярреалдың” жүйесінде өз бағын сынамақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров