Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасы. Дублинге барар жол

18.03.2011, 23:11
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасының артынан Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Басты доданың ақтық сыны Лондаондағы "Уэмбли" стадионында өтетін болса, Еуропа лигасының финалы Дублинде өтетін болды. 5 мемлекеттің командасы өзара жеребеге түсті. СПАРТАК (Мәскеу, Ресей) ПОРТУ (Португалия) БРАГА (Португалия) БЕНФИКА (Португалия) ВИЛЬЯРРЕАЛ (Испания) ДИНАМО (Киев, Украина) ТВЕНТЕ (Голландия) ПСВ (Голландия) 1/4 финалға шыққан командалардың арасында португалиялық клубтардың көп екенін айта кету керек. Голландиялық екі команданың  қауқарлылыған бәсеке барысында көре жатармыз. "Драгао" стадионында алғашқы кездесуін өткізетін "Порто" "Спартак" командасына түсті. Португалиялық клуб бұл жұптың фавориті екенін мамандар айтып қалуда. Десе де бұл кезеңде оңай қарсылас жоқ екенін қоса кеткен дұрыс. Екінші жұп "Бенфика" -  "ПСВ". Португалдық клуб бұл жұптың анық мықтысы деуге келмес. "Вильяреал" - Твенте" "Брага" - "Динамо" Киев жұбының жеңімпазы "Бенфика" - "ПСВ" арасындағы мықтымен 1/2 финалда жолығатын болады. "Динамо" командасының жартылайфиналға өтуге жақсы мүмкіндігі бар секілді. Себебі, "Брага" командасы осы кезеңдегі португалиялық клубтардың ең осыалы еді. Және Юрий Семиннің командасы "Браганы" жеңе алатындай қауқары бар. Ал егер "Спартакты" тізерлетіп ары қарай "Порту" өтетін болса онда ол  "Вильяреал" - Твенте" жеңімпазына шығады. 1/4 финал ойындары 7-14 сәуір күндері өтеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров