Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі Бельгиялық "Андерлехтке" қарсы қарымта матчқа аралас құрамды шығаруы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Негізгі себеп – ішкі біріншіліктегі тартыс Команданың белді ойыншылары бұл кездесуге қатыспауы мүмкін. Бұл шешім Алматылықтардың үш күннен кейін Қазақстан Премьер лигасы аясында "Елімайға” қарсы маңызды сырт алаңдағы ойынымен байланысты.
Қазіргі уақытта Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері турнир кестесінде "Ордабасыдан” төрт ұпайға қалып келеді. Команданың алдағы кестесі өте күрделі, олар келесі турларда мынадай қарсыластармен кездеседі: “Елімай”, “Жеңіс”, “Тобыл”, “Астана”, “Ақтөбе”.
Чемпионатта ұпай жоғалтпау мақсатында, Бельгиядағы ойынға негізінен ойын практикасы аз футболшылар мен "Қайрат-Жастар” командасының тәрбиеленушілері аттануы мүмкін деп күтілуде.
"Андерлехт” пен "Қайрат” арасындағы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчы 27 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:30-да басталады.
Біздің серіктес: FONBET