Бүгін түн ауғанда Еуропа Лигасының бірінші турының шымылдығы түріледі.
Бұл күні футболсүйер қауымға және әсіресе, бәс тігіп, бағын сынаймын дегендер үшін біраз қызықты бәсеке бар. Біз соның бірнешеуіне қатысты өзіміздің болжамдарымызды айтып көрсек дедік. Сонымен, қалып кездесудің арасынан назарымызды аударған үш ойынға тоқталсақ.
«Динамо» Киев – «Лацио»
«Динамо» Киев – «Лацио» матчты. Бірінші ойын болған соң бүгінгі бәсекенің қос команда үшін де маңызы ерекше болады деп есептейміз. Екі ұжым да шабуылдауды жақсы көретін командалар, сондықтан көп гол кіруі керек. Бұл ең бірінші кезекте римдік командаға қатысты: «Лацио» соңғы бес ойынның үшеуінде кемі 2 гол соғып жүр. Ал украиналықтардың керісінше қорғаныстағы статистикасы көңіл көншітпейді. Қалай дегенде де италиялықтардың аянып қалмасы анық. Лациаленің бүгінгі матчта 1.5 көп гол ұрады деген бәсіне «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі 2 коэфициент беріп тұр екен. Бұл тамаша сыйлық дер едік. Ондай болса оны неге пайдаланбасқа?
«Брага» - «Маккаби Тель-Авив»
«Брага» мен Тель-Авивтік клубтың арасында да тартысты бәсеке болуы ықтимал. Португалиялық ұжымның тәжірибесі мол. «Брага» үнемі Еурокубоктердің топтық кезеңінде, плей-офф сатысына шығып жүрген білікті команда. Биыл да алдыға биік мақсат қойып отырғаны анық. Бүгін алаң иелерінің жеңіске жетуі ғажап емес. Карлуш Карвальял командасын қамшылайды және португалиялықтар жеңіс үшін ойнамақ. Біздің басты серіктесіміз «Браганың» жеңісіне 1.50 коэфициент беруде. Португалия біріншілігінің жаңа маусымындағы ойыны ала-құла болғанымен, Карвальял командасы өз алаңында жақсы өнер көрсетіп жүр. Примейрадағы бес ойынның екеуіндегі жеңісті өз алаңында тіркеген еді. Сондықтан да бүгін «Брага» ешқандай қиындықсыз жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантуы тиіс.
«Тотенхэм» - «Карабах»
«Тотенхэм» өз алаңында әзербайжаннан келетін қонақтарын қабылдамақ. Анге Постекоглу жаттықтыратын ағылшындар Англия премьер-лигасында бес кездесу өткізіп үлгерді. Лондондықтар соның екеуінде сенімді түрде жеңіске жеткен. Жалпы бұл өз алаңында нәтижелі ойнайтын команда, сондықтан бүгін де сол дәстүрінен айнымайды деп топшылаймыз. Агдамдық ұжымның ойыны да нәтижелі, мысал үшін, Гурбан Гурбановтың командасы соңғы үш ойында кемі екі гол салып келген. Демек, бүгін қос команда да гол салып қалуы ықтимал деген сөз. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бірінші таймның тоталы 1.5 көп болады деген нұсқаға – 1.87 коэфициент беріпті. Тәп-тәуір деуге болады.
Біздің серіктес: FONBET