Жарнама
Жарнама

Еуропа Лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншысы кім?

02.10.2020, 23:20
Лукаку өткен маусымда 8 гол соқты, біреуі өз қақпасына.
Жарнама
Жарнама

«Интер» шабуылшысы Ромелу Лукаку өткен маусымдағы Еуропа лигасының үздік футболшысы атанды.

"Интер" Еуропа Лигасындағы сапарын плей-офф кезеңінен бастады, себебі команда Чемпиондар Лигасы тобында үшінші орын алып қалған болатын. Антонио Контенің шәкірттері финалға дейін "Лудогорецті" (2:0, 2:1), "Хетафені" (2:0), "Байерді" (2:1) және "Шахтерді" (5:0) жеңді. Шешуші матчта "Интер" "Севильядан" 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Лукаку Еуропа лигасындағы 6 матчқа қатысып, 7 гол соқты (2 - пенальтиден) және 2 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, 27 жастағы шабуылшы финалда өз қақпасына гол соғып алды.

«Интер» биылғы маусымда Чемпиондар лигасында ойнайды, оның топтағы қарсыластары «Реал», «Шахтер» және «Боруссия Мёнхенгдадбах» болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров