Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасының өтпелі матчтарында өнер көрсететін жұптар белгілі болды

13.12.2021, 23:20
Бұл кезеңде екінші орын алған клубтар мен Чемпиондар лигасынан түскен командалар күш сынасады.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Айта кету керек, плей-офф раундына Еуропа лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған командалар тікелей жолдама алды. Олар: «Айнтрахт», «Байер» (екеуі де Германия), «Вест Хэм» (Англия), «Галатасарай» (Түркия), «Лион», «Монако» (екеуі де Франция), «Спартак» (Ресей), «Црвена Звезда» (Сербия).

Ал екінші орын алған клубтар Чемпиондар лигасынан түскен командалармен өтпелі матч өткізеді:

  • «Севилья» (Испания) — «Динамо» Загреб (Хорватия)
  • «Аталанта» (Италия) — «Олимпиакос» (Греция)
  • «РБ Лейпциг» (Германия) — «Реал Сосьедад» (Испания)
  • «Барселона» (Испания) — «Наполи» (Италия)
  • «Зенит» (Ресей) — «Бетис» (Испания)
  • «Боруссия» Дортмунд (Германия) — «Рейнджерс» (Шотландия)
  • «Шериф» (Молдавия) — «Брага» (Португалия)
  • «Порту» (Португалия) — «Лацио» (Италия)

Алғашқы матчтар 2022 жылдың 17 ақпанында өтеді. Ал жауапты ойындар 24 ақпанға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров