Швейцарияның Ньон қаласында екінші санаттағы еурокубоктің , жартылай финалында кездесетін командалар анықталды. Жеребе қорытындысы бойынша, былтырғы чемпиондар "Севилья", "Фиорентинамен" жолықса, ширек финалда азулы "Вольфсбургті" тас-талқан еткен "Наполи" бірінші ойында өз алаңында "Днепрді" қабылдайды.
"Наполи" (Италия) - "Днепр" (Днепропетровск)"Севилья" (Испания) - "Фиорентина" (Италия)
Алғашқы кездесулер 7-ші мамыр күні өтеді. Қарымта матчтар 14-ші мамырға жоспарланып отыр. Финал Польшаның астанасы Варшавада өтпек.