Жарнама
Жарнама

Еуропа Суперлигасының форматы белгілі болды

19.04.2021, 17:37
Басты ерекшелігі - 20 команда небәрі екі топқа бөлініп, бақ сынайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Еуропаның 12 командасы қатысуға келісімін берген жаңа турнир - Суперлиганың форматы белгілі болды:

1) Турнирге 20 клуб қатыса алады - негізгі 15 команда және өткен маусымның нәтижелері бойынша жыл сайын іріктелетін бес команда.

2) Барлық матчтар аптаның ортасында өткізіледі, клубтар дәстүрлі күнтізбеге сүйене отырып, өздерінің ұлттық лигаларында ойнауын жалғастыра береді.

3) Турнирдің жаңа маусымы тамыз айында басталады.

4) 20 команда екі топқа бөлінеді және топтық ойындар екі айналымнан тұрады.

5) Әр топтан үздік үш команда автоматты түрде ширек финалға өтеді. Төртінші және бесінші орын алған командалар қосымша екі матчтан тұратын плей-офф кезеңінде ойнайды. Ал финалға дейін командалар екі матчтан тұратын кездесуде мықтыны анықтайды. Финал мамыр айында бейтарап алаңда өтеді.

6) Бұл турнир басталғаннан кейін әйелдер футболын насихаттау және дамыту үшін әйелдер лигасы құрылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров