Жарнама
Жарнама

Еуропада алты дүркін чемпион болған маман Қазақстанды тізгіндемек

15.02.2026, 22:14

Тәжірибелі маман Владимир Чебурин футболдан Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Vesti.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 60 жастағы Қазақстандық маман қазіргі уақытта Түркияда жүр.

Чебурин Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан Қазақстандық футболшыларды бақылауға алған. Оның басты мақсаты – жастар құрамасына лайықты ойыншыларды анықтау, ҚПЛ клубтарының бапкерлерімен кездесіп, әлеуетті футболшылардың бабы мен мүмкіндіктері туралы мәлімет алу.

Жуық арада маманның тағайындалғаны ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Чебурин — Еуропалық футболда, әсіресе Литва чемпионатында үлкен беделге ие бапкер. Ол бұған дейін Литваның "Жальгирис", "Судува” және "Круойя” клубтарын жаттықтырып, 6 рет ел біріншілігінде топ жарған.

Қазақстандық жанкүйерлерге "Шахтер” (Қарағанды) және "Оқжетпес” клубтарындағы жұмысы арқылы да таныс

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров