Жарнама
Жарнама

Еуропада ойнаған қазақстандық футболшы ҚПЛ клубына ауысты

08.08.2020, 23:59
«Каспий» клубы енді қазақстандық ойыншыларға сенім артады.
Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Еркебұлан Нұрғалиев мансабын "Каспий" клубында жалғастырады. 26 жастағы футболшы Ақтаулық клубпен келісімшартқа отырды.

Жазғы трансфер терезесінде жартылай қорғаушы «Шахтерді» тастап, бірнеше командамен келіссөздер жүргізді.

Премьер-Лиганың ағымдағы маусымында Еркебұлан Нұрғалиев "Шахтер" үшін екі матч өткізді. Жартылай қорғаушы өткен жылы 28 матчта төрт голмен көзге түскен еді. Бұған дейін ол «Спартак» (Семей), «Ертіс», «Алтай», «Оқжетпес», «Ақжайық» және болгариялық «Вереяда» өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров