Жарнама
Жарнама

ЕУРОПАДАН ЕЛГЕ КЕЛДІ

20.04.2014, 19:36
Жарнама
Жарнама
Еліміздің бірінші лигасында өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшысы Мұрат Өнел қосылады.

Ол 1987 жылы маусым айының 20-сы күні Түркияның Салихлы қаласында туған. Отбасы 1990 жылдары Еуропаға қоныс аударып барған. Ата-анасы Амстердам қаласының маңына орналасқандықтан, жас Мұрат сол жерде мектеп бітіріп, алты жасынан футбол ойнаумен айналысқан. Бойы 179 см, салмағы 76 келі тартатын қандасымыз Еуропа футболында аты мәшһұр «Аякс» мектебінің түлегі. Жасыл алаңда жартылай қорғаушы, тіпті команда сапында шабуылшы болып ойнайтын Мұраттың техникасы жоғары болып, екі аяқпен бірдей соққы жасай біледі. Айтпақшы, бұл – қазақ футболына шеттен келген тұңғыш қандасымыз.

2006-2007 жылдары Бельгияның «Брюг­ге», 2007-2008 жылдары Голландияның «Ден Хааг», 2008-2012 жылдары Голландияның «Во­лендам», 2012-2013 жылдары Финлян­дия­ның «Каяни» клубының формасын ки­ген қан­дасымыз алғаш рет атамекенге аяқ бас­қалы тұр. Наурыз айының басында Түр­кия­ның Алания қаласында өткен оқу-жат­тығу жиынында бапкерлер көңілінен шық­қан Мұрат жаңа маусымда Шымкенттің «Қы­ран» командасының жейдесін кимек. Жа­қында ғана Оңтүстік Қазақстан облысына та­баны тиген Мұрат Өнел өзінің Қазақстан фут­болын назардан тыс қалдырмайтындығын айт­ты. «Мен Голландияның премьер-лигасында да ойнағам. Ол жақта бәсеке өте жоғары. Фут­болшылардың техникалық дайындығы өте күшті болады. Сондай-ақ, күш-қуаттары да мол келеді. Ал «Қыран» командасындағы ойын­шылар жастар екен. Техникалық ше­бер­ліктері жақсы. Алайда біз шаршап қал­­­майтындай болуымыз керек. Күш-қуа­ты­мыз мығым болғаны жақсы. Жалпы, қазақ фут­болын үнемі бақылап отырамын. «Ақ­тө­бе», «Шахтер», «Ордабасы» сынды клубтарды жақ­сы білемін» дейді Мұрат. Шымкент әуежайына келген бетте ауа райы­ның салқын екендігін тілге тиек еткен фут­болшы, алдағы уақытта өңірдің кли­ма­ты­на үйлесіп кететіндігін айтты. «Атамекенге бір­жолата келуге ойыңыз бар ма?» деген тіл­шілердің сұрағына «екі аптадан соң ата-анам елге келеді. Алматыда нағашыларым тұ­рады. Әрқашан шетте жүрсек те, Қазақ­стан­дағы туыстармен қарым-қатынасты үзген емеспіз» деп жауап қайтарды. Жеке өміріне үңілген БАҚ өкілдерінің сұ­ра­ғына «Әлі үйленген жоқпын. Дегенмен  қа­зақ қызына үйленгім келеді, бірақ футбол да маңызды. Сондықтан отбасылық өмір мен спортты қатар алып жүремін» деді. Мұраттың атажұртқа оралуына қазақ бло­­­герлері көп үлес қосыпты. Әсіресе, IT са­ла­сының маманы, танымал блогер Аршат Оразов бұл іске белсене кірісіп, әлеуметтік желі арқылы Мұраттың қазақ футболына де­ген қызығушылығын оятқан. Отандық спорт шенеуніктеріне таныстырған да солар екен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров