Жарнама
Жарнама

“Еуропаға ілігу маңызды болды” – Қазақстандық футболшы Польшаның бесінші лигасында не істеп жүр?

12.01.2026, 19:13

Досжан Сәбитов Польшаның бесінші дивизиондағы "Полония" (Кемпно) клубында алғашқы маусымын өткізуде, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

22 жасар Қазақстандық қорғаушы бұл жаққа ешқандай агенттің көмегінсіз, досы арқылы келгенін айтады.

Неліктен төменгі лига?

“Ақтөбе” түлегінің айтуынша, басты мақсат — деңгейге қарамастан Еуропа футболына табан тіреу болған.

"Маған қалай да Еуропаға келу керек болды, ары қарай осы жерде ілгерілеу оңайырақ. Польшаның бесінші лигасы жартылай кәсіби деңгей саналғанымен, өсу үшін таптырмас мүмкіндік. Қазақстанда футболшыларды шетелге шығаратын агенттіктер жақсы дамымаған, сондықтан өз жолымды өзім салуға тура келді.” — дейді Досжан Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Болашаққа жоспар: "Үш-төрт айда жоғары өрлеймін"

Төменгі лигада ойнап жүргеніне қарамастан, Сәбитовке жоғары дивизиондағы клубтар назар аудара бастаған. Ол қазірдің өзінде Польшаның екінші лигасының өкілі — "Калиш” клубы тарапынан қызығушылық барын айтты.

"Мұнда деңгейімді көтеруге жақсы перспектива бар. Жуырда маған екінші лиганың клубы хабарласты, үш-төрт айдан кейін жоғары деңгейге көтерілемін деп ойлаймын.” 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров