Жарнама
Жарнама

“Еуропаға әлі ерте” – Темірлан Анарбековке қатаң ескерту жасалды

Бүгін, 08:55

Қазақ футболының ардагері Болат Есмағамбетов Темірлан Анарбековтің шетелге ауысу мүмкіндігіне байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Сарапшының пікірінше, “Қайрат” пен Ұлттық құрама голкиперіне алпауыт лигаларға бару үшін әлі де ізденіс қажет.

Есмағамбетов БАҚ беттерінде Анарбековке қатысты мақтаулар мен трансферлік қауесеттердің көбейіп кеткенін атап өтті. Алайда, футбол ардагерінің пайымдауынша, жас қақпашының қазіргі бабы Еуропаның үздік бестігіне (Англия, Испания, Германия, Италия, Франция) сай келмейді.

“Анарбеков туралы БАҚ-та көп жазылып жүр, бірақ Еуропаның ТОП 5 чемпионаты үшін ол әлі шикілеу. Оны өткен маусыммен салыстыратын болсақ, қазір ойынында сәл құлдырау байқалады.” — деді Есмағамбетов Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров