"Қайрат" жанкүйерлері өз командасын қолдау мақсатында ерекше мағыналы баннер әзірлеп, онда ат үстіндегі жауынгер бейнеленіп, ағылшын тілінде "Road to Europe" (Еуропаға жол) деген жазу жазылған еді.
Плакаттағы кейіпкер – қыпшақ жауынгері. Орта ғасырларда қыпшақтарды Еуропада "половецтер" деп атаған. Бұл халық бір кездері Алтайдан Дунайға дейінгі кең байтақ даланы бақылауда ұстағаны тарихтан белгілі.
Жанкүйерлердің айтуынша, бұл сурет жай ғана бейне емес, ол “Қайраттың” рухын, табандылығын және қазақ жерінен Еуропа аренасына шығу арманын бейнелейді.
Біздің серіктес: FONBET