Қазақстандық футболшы Еламан Оспанғалидің Еуропалық мансабы күтпеген кедергіге тап болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ақпан айында Кошице қаласының "Славия” клубымен ресми келісімшартқа отырған ойыншы әлі күнге дейін жаңа командасының сапына қосыла алмай жүр.
Жанкүйерлер арасында "трансфер тоқтап қалды ма?" деген сұрақ туындағанымен, футболшының өзі жағдайды түсіндіріп, нүкте қойды.
Еламан Оспанғали Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Словакияға аттанудың ауылы алыс еместігін айтты. Оның сөзінше, мәселе келісімшартта емес, тек уақытқа келіп тіреліп тұр:
"Қазір Қазақстандамын. Бірақ жақын арада, шамамен бір-екі аптада жолға шығамын деп ойлаймын. Жаңа клубтағы дебютімді өзім де асыға күтіп жүрмін. Виза мәселесінде ешқандай қиындық жоқ, тек сәл күте тұру керек.” — деді жас талант.
Біздің серіктес: FONBET