Жарнама
Жарнама

Еуропалық сарапшылардың болжамы: “Қайрат” 1:2 “Селтик”

25.08.2025, 12:00

Sportskeeda сайты Алматының "Қайраты" мен Шотландияның "Селтигі" арасындағы жауапты ойынға болжам жасады.

Жарнама
Жарнама

“Қайрат” соңғы үш ойында жеңіске жете алмай, аздап құлдырау кезеңін бастан өткеріп жатыр. Дегенмен, биылғы іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы барлық кездесуде олар қарсыластарын қақпаға жақындатпай, үш ойында да қақпасын голдан аман сақтап шыққан. Соңғы алты Еурокубок ойынында небәрі екі ғана гол жіберген.

Жас шабуылшы Дастан Сәтпаев биылғы Чемпиондар лигасы іріктеуінде үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын. Алайда ол "Селтикке" қарсы алғашқы матчта сары қағаз алғандықтан, бұл шешуші кездесуге қатыспайды.

Ал "Селтик" болса, маусымдағы соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіске жетіп, он гол соққан. Олар соңғы төрт сырт алаңдағы кездесуде жеңілмей, үшеуінде басым түсіп, екеуінде қақпасын голдан сақтай білді.

Бұл матч та алғашқы кездесу сияқты тартысты өтеді деп күтілуде. Алайда соңғы уақыттағы қонақтағы жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, сарапшылар "Селтик” аз ғана басымдықпен жеңіске жетеді деп болжауда.

Болжам: "Қайрат" – "Селтик" 1:2" – деп жазады сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров