Жарнама
Жарнама

Еуропалың ірі клубтары УЕФА және ФИФА-дан шығатынын мәлімдеді

07.08.2011, 22:45
Жарнама
Жарнама
Еуропалық ірі  клубтар төңкеріске дайындалып жатқан секілді. Ел арасында олар   УЕФА-дан және  ФИФА-дан шығуы мүмкін деген сыбыс тарады. Бұрынғы атақты аладоп шебері, ал қазірде мюнхендік «Баварияның» басшысы Карл-Хайнц Румменигге тексеру органдарының ықпалынан құтылып, әр клуб өз алдына қожайын болатындай  Еуропа суперлигасын құрудың уақыты келгенін ашып айтты. Бұл клубтар мен УЕФА-ның  келісімі 2014 жылы өз күшін жояды. Бұдан кейін олар не істесе де өз еркі. Қазіргі таңда Карл-Хайнц Румменигге басқарып отырған Еуропа футбол клубтары ассоциациясы  осылайша бас көтеруде.
Сонымен қатар Еуропа футбол клубтары ассоциациясы ұлттық құрамалардың да тарағанын қалайды. Өйткені, олар ойыншылардың Халықаралық кездесулерде ойнауына міндетті түрде келуі керек дейді. Ең аз дегенде,  өз алдына тәуелсіз лигаға үлкен тоғыздық қатысады. Олар: мадридтің  «Реалы», итальяндық «Милан», «Интер», және ағылшын клубтары «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Арсенал», «Ливерпуль», испаниялық «Барселона»,  және  мюнхендік Бавария». Еуропа футбол клубтары ассоциациясына Ресей клубтары «Зенит», «Рубин» және мәскеулік «Спартак», ЦСКА және «Локомотив» кіреді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров