Келесі жылы Ла Лига атынан "Барселона", "Реал Мадрид", мүмкін "Атлетикомен" қатар, тағы қай команда қатысарын болжап айту өте қиын. Төртінші орынға талас былтырғыдан да тартысты болғалы тұр. "Валенcия", "Вильяреал", "Севилья". Бүгінде осы үштік Чемпиондар Лигасының жолдамасына басты үміткерлер. Ал, ертең "Валенсия" мен "Севилья" кездеспек. Екеуін турнир кестесінде бір ұпай ғана бөліп тұр.
"Жарғанаттарға" жаңа басшы келісімен клубта жағдай өзгерді. Бұдан бір-екі жыл бұрын "Валенсия" Англия мен Испанияның жетекші клубтарын өз ойыншыларымен қамтамасыз етіп, команда енді күшейген кезде қайта таз күйіне түсетін. Ал, бүгін клуб белді ойыншыларын сақтап қана қоймай, көптеген азулы грандтардың алдын орап, мықты ойыншыларды команда сапына қосып отыр. Жақында ғана таланттарды топ-тобымен шығаратын "Бенфикадан", аргентиналық шебер Энцо Пересты 25 миллион еуроға сатып алды. Енді, басшылық "қызыл сойқандар" сапында орын таппай жүрген Даррен Флатчер мен "Интердің" жарқын ойыншысы Гуаринді қатарға қосқысы келеді. Бұлай жалғасса, "Валенсия" бір кездері бірнеше жылдап жылжымаған орны Премьераның үштігіндегі орнын қайтарып алары сөзсіз. Команданың қайсар мінезі таң қалдырады. Өткенде, "Реалға" қарсы ойында жеңіліп жатып, екінші таймда ойынды толықтай өзгертіп, жеңісті жұлып әкеткенін білеміз. Ал, Анчелотти жігіттеріне қарсы ойында, бұндай ерлік ешбір команданың қолынан келе бермейді.
"Севилья" сонау қарашада "Камп Ноуда" 1:5 есебімен ойсырағаннан кейін, жеңілістің ащы дәмін татпауда. Премьерда соңғы 6 ойында 16 ұпай еншілепті. Яғни, 5 жеңіс 1 тең нәтиже. Дегенмен, стастиканың аты статистика, өткен-тарих. Унаи Эмери шәкірттеріне "Месталья" стадионында қиын соғады. "Жарғанарттар" қай команда келсе де, өз үйін өзге үшін тозаққа айналдырып жіберетінің жақсы білеміз.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Біздің серіктес: FONBET