“Атырау” ФК 33 жастағы қаптал вингері Педру Эужениумен келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.
Футболшы соңғы рет саудиялық “Аль-Адала” клубында доп тепті. Онда ол барлығы 14 ойын өткізіп, 4 гол мен 1 голдық пас берді. Педру 2023 жылдың шілде айынан бері командасыз жүрді.
Еске салсақ, Эужениу ҚПЛ “Жетісу”, “Тараз” және “Астана” ұжымдарының намысын қорғады.
Айта кететіні, португалдық 2021/22 жылғы ішкі біріншіліктің үздік сұрмергені атағына ие болған еді (18 гол).
Трансфермаркет Педруды 500 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET