Жарнама
Жарнама

«Эвертон» Украина құрамасының ойыншысын қатарға қоспақ

26.12.2021, 21:44
Футболшы үшін англиялық клуб 21 миллион еуро төледі.
Жарнама
Жарнама

«Динамо Киевтің» және Украина құрамасының қорғаушысы Виталий Миколенко жақын арада «Эвертонның» ойыншысы атанады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, 22 жастағы украиналық футболшы медициналық тексерістен сәтті өткен. Тараптар барлық құжаттарды дайындап қойды. Ойыншының трансфер құны 21 миллион еуроны құрады.

Еске салайық, Миколенко Киевтің «Динамосында» 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда қорғаушы Украина чемпионатының 15 матчына қатысып, 3 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап Миколенко Украина құрамасына шақыртыла бастады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров