Жарнама
Жарнама

Евгений Чумак «Тұран» ойыншысы атанды

31.07.2021, 16:07
Евгений соңғы 2 жылын Өзбекстан чемпионатында өткізді
Жарнама
Жарнама

Украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак мансабын "Тұран" командасында жалғастырады, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты. Футболшы 89-нөмірмен өнер көрсетпек.

25 жастағы орталық жартылай қорғаушы 6 жыл бұрын Украина кубогін жеңіп алды және өз елінің жастар құрамасына шақыртылды. Евгений соңғы 2 жылын Өзбекстан чемпионатында өткізді. Ол жерде "Бунёдкор" және "Металлург" командаларында доп тепті, ал оған дейін грузиялық "Шевардени" клубында ойнады.

Чумак "Тұранның" осы жазда жаңадан келген үшінші ойыншысы болды, бұған дейін түркістандық клуб Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков пен "Атырау" қорғаушысы Қуаныш Қалмұратовпен келісім-шартқа отырған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров