Жарнама
Жарнама

Евгений Новиков Зайнутдиновтің ЦСКА-да қалатынын мәлімдеді

11.09.2021, 20:24
ЦСКА сапында аз ойнап жүргеніне байланысты Зайнутдинов мәскеулік командадан кетеді деген ақпарат шыққан еді.
Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының ЦСКА командасынан кетуі мүмкін деген ақпаратқа байланысты пікірін білдірді.  

Бұған дейін ЦСКА сапында аз ойнап жүргеніне байланысты Зайнутдинов мәскеулік командадан кетеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ агент бұл мәліметті жоққа шығарды. 

"Бұл ақпарат, бұл сыбыс - шындыққа жанаспайды. Бақтиер - ЦСКА ойыншысы. Оның командамен ұзақ мерзімге жасаға келісім-шарты бар. Ол ешқайда ауыспайды. 

Зайнутдинов жарақатынан айығып, енді ғана алаңға шығып жүр. Біз мұны әу баста солай жоспарладық. Ол жарақатынан кейін 90 минут ойнай алмайды. Біртіндеп қалпына келіп алса, сосын негізгі құрамға ілінетін шығар. Команда Бақтиерге қатты сенім артып отыр. 

Ұлттық құрамада да ол 30 минуттан ойнады. Мұны да біз бас бапкермен ақылдасып шештік", - деді Новиков Sport24 порталына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров