"А" тобынан орын алған Ресей, Польша, Греция және Чехия ұлттық құрамаларының бас бапкерлері қарсыластар жайлы өз ойларын білдіріп, ЕВРО-2012 біріншілігіндегі төрт топтың ішінде бір-біріне тең командалар жиналған квартет «А» тобы және төрт құраманыңда келесі кезеңге шығу мүмкіндіктері бар деп өз пікірлерін жеткізді.
Ресей құрамасының бас бапкері Дик Адвокат: Біздің топтағы кез-келген құрама жеңімпаз атануы мүмкін. Бір-біріне тең қарсыластардың жекпе-жегі қашанда тартысқа толы болады. Ерекше атап өтетін қарсылас Польша құрамасы дегім келеді. Себебі, олар алаң қожайындары. Қожайындар қай командаға болмасын қиын қарсылас. Жалпы, чемпионаттың басталуын асыға күтудеміз. Қолдан келгенше алға жылжуға әрекет қыламыз. Польша құрамасының бас бапкері Францишек Смуда: Бұл өлім тобы емес, десекте немқұрайлы қарауға болмайды. Мұндай топтан шығу өте күрделі. Гректермен өтетін алғашқы кездесуде жанкүйерлер қауымын қуантамыз деп сенемін. Ашылу салтанатындағы ойында барымызды салып бағамыз. БАҚ өкілдері Ресей мен Греция құрамаларын фаворит деп атайтынын білемін, бірақ топтағы күш тең екеніне сенімдімін. Греция құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш: Бұл топта тең қарсыластар жиналған, әр команданың келесі кезеңге шығу мүмкіндігі -25%. Бізге жеребе жолдас болды, енді алаңда дәлелдеу қажет. Көпшілік 2004 жылғы чемпионатты еске алып отырғанын білемін. Португалиядағы чемпионатты алаң иелерімен бірге ашып, топтағы үшінші ойынды Ресей құрамасымен өткізген едік. Сол тарихты қайталауға тырысамыз. Мұның барлығы сәтті сәттерді еске түсіреді. Бұл өткен істің еншісі ғана. Ең бастысы дайындық екенін ұмытпау керек. Мен өз ойыншыларымның чемпионатқа дайын екендігіне сенімдімін. Чехия құрамасының бас бапкері Михал Билек: Мен өз тобымнан поляк және гректерді көргім келген, сол себепті жеребеге көңілім тоқ. Алайда жеребе ештеңе шешпейтіні белгілі. Біздің алға қойған мақсатымыз-топтан шығу. Топтағы үш кездесуді де өз базамызға жақын орналасқан бір алаңда (Вроцлав) өткізетініміз жақсы жаңалық болды. Әлі есімде ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойыным поляктарға қарсы өткен. Алаңда небәрі екі минут өнер көрсетсемде гол соққан едім. Гректермен жолдастық кездесу жоспарлаған болатынбыз. Алайда жоспарды өзгертіп Ирландиямен кездесетін болдық. А тобындағы кездесулер кестесі: Жұма, 8 маусым Польша – Греция / Варшава Россия – Чехия / Вроцлав Сейсенбі, 12 маусым Греция – Чехия / Вроцлав Польша – Россия / Варшава Сенбі, 16 маусым Чехия – Польша / Вроцлав Греция – Россия / ВаршаваБіздің серіктес: FONBET