Жарнама
Жарнама

ЕВРО-2012 IРIКТЕУ КЕЗЕҢI САНДАРМЕН

23.04.2012, 05:26
Жарнама
Жарнама

II бөлiм

9. Іріктеу кезеңінде ең төмен нәтижелі көрсеткішпен финалдық кезеңге жолдама алған  Греция және Чехия құрамалары болды. Гректер F тобында ойнап, он кездесуде 14 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеп бірінші орын иеленген. Ал, чехтар I тобында сегіз кездесу өткізіп, Милан Кадлецтің пенальтиден соққан үш голын қосканда 12 доп соққан. Және үш голды Черногориямен болған Плей-офф кездесуінде соқты.

  10. Ең сенімді қорғаныс Италия құрамасында. «Скуадра адзурара» С тобындағы он кездесуде бар болғаны  екі гол жіберіп алды.  (гол соққан Эстония және Сербия құрамалары). Чезар Пранделли шәкірттері өз қақпаларынан орта есеппен әр ойында 0,2 гол алып шыққан.   11. Финалдық кезеңге өткен 16 команда ішінде бұған дейін европа біріншілігіне қатыспаған тек Украина құрамасы. Бірақ, СССР құрамасы қатарында бірнеше украиндықтар ойнады. Оның ішінде көк-сарылардың бас бапкері Олег Блохин де бар болатын.   12. Европа чемпионатының финалдық кезеңіне араға ұзақ уақыт салып оралған команда Ирландия құрамасы. Алғаш  рет 1988 ГФР де өткен кәрі құрлық біріншілігіне қатысқан ирландтықтар екінші рет енді ғана қатысқалы отыр.     13. Ең жасы үлкен ойыншы: Якуп Миккельсен /Қақпашы/Фарер аралдары/ (40 жас, 336 күн). Фарер Аралдары-Солтүстік Ирландия кездесуінде (10.08.2011ж) тіркелді)     14. Ең жасы үлкен ойыншы соққан голдың авторы: Яри Литманен /Финляндия/ (39 жас, 272 күн). Финляндия-Сан-Марино кездесуінде (17.11.10) тіркелді)     15. Ең жас ойыншы: Ромелу Лукаку /Бельгия (17 жас,  112 күн), Бельгия-Германия кездесуінде (07.09.10) тіркелді)     16. Ең жас ойыншы соққан голдың авторы: Вацлав Кадлец (18 жас, 145 күн) Лихтенштейн-Чехия (12.10.10) тіркелді)     17. Іріктеу кезеңінің ең алғашқы голын Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Йоан Эдмундссон 2010 жылы 11 тамыз күні Таллинде Эстония құрамасының қақпасына соқты.     18. Іріктеу кезеңі мергендер тізімін 12 гол соққан Хунтелаар басқарды. Оның Евро-2008 іріктеу кезеңінде 13 доп соққан солтүстікирландтық Давид Хилдің рекордын қайталауына бір ғана гол жетпей қалды.   18. Іріктеу кезеңі аясында 10 хет-трик және бір покер тіркелді. Покерді Нидерлания құрамасының шабуылшысы Робин ван Перси Сан-Мариномен (11:0) болған кездесуде орындады.   19. Хет-триктің бесеуі Сан-Марино құрамасымен өткен кездесулерде тіркелді.     20. Ең жылдам хет-трикті 22 минут ішінде Ибрагимович орындаған екен.   21. Қонақтағы кездесуде орындалған жалғыз хет-трик голланд Клаас Ян-Хунтелаарға тиесілі.   22.Хет-трик авторлары: (гол соғылған минуттар, кездесулер) 1.Клаас Ян-Хунтелаар 38, 48, 66 (Сан-Марино - Нидерланды 0:5, E тобы, 03.09.10) 2.Тим Матавж 25, 36, 65 (Словения - Фарерские Аралдары 5:1, C тобы, 08.10.10) 3.Адам Солои 18, 27, 48 (Венгрия - Сан-Марино 8:0, E тобы, 08.10.10) 4.Йосси Бенаюн 7, 64пен, 75 (Израиль - Мальта 3:1, F тобы, 02.09.10) 5.Джермейн Дефо 3, 61, 86 (Англия - Болгария 4:0, C тобы, 03.09.10) 6.Джердан Шачири 45+2, 62, 90 (Швейцария - Болгария 3:1, G тобы, 06.09.11) 7.Роман Павлюченко 26, 59, 73 пен (Россия - Армения 3:1, B тобы, 04.06.11) 8.Златан Ибрагимович 31, 35, 53 (Швеция - Финляндия 5:0, E тобы, 07.06. 11) 9.Робин ван Перси 7, 65, 67, 79 (Нидерланды - Сан-Марино 11:0, E тобы, 02.09.11) 10.Микаэль Форсселл 51, 59, 78 (Финляндия - Сан-Марино, E тобы, 17.11.10)

Ш.Әбенов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров