2006 жылғы “Алтын доп” жүлдесінің иегері Өзбекстан құрамасын тізгіндеуі мүмкін.
Әлем чемпионаты қарсаңында жаңа бапкер іздестіріп жатқан Өзбекстан Футбол қауымдастығы Италия футболының аңызымен келіссөздер жүргізіпті.
Кезінде мықты қорғаушы болған Фабио кейінірек бапкерлік салаға бет бұрды. Ол БАӘ, Қытай, Сауд Арабия құрамаларының және “Беневенто”, “Удинезе”, “Динамо” Загреб клубтарында қызмет жасады.
Еске салсақ, Каннаваро өткен айда Ташкентте өткен футзалдан Суперкубок турнирінің қадірлі қонағы болды. Өзбекстан Футбол қауымдастығы сол сәттен бастап аңыз қорғаушымен байланысты үзбей келеді.
Әзірге миллийлер құрамасын іріктеуден бастап Әлем чемпионатына дейін жол сілтеген Тимур Кападзе жаттықтыруда. Бапкер алдағы уақытта Өзбекстан Суперлигасының командасына қызметке орналаспақ.
Біздің серіктес: FONBET