Жарнама
Жарнама

Фабио Каннаваро? Топ-бапкерлер неге Қазақстан құрамасынан «қашады»? Бас тартқан бірнеше маманның есімі белгілі

24.09.2025, 09:51

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне Фабио Каннавароның кандидаттығы қарастырылған.

Әли
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы спорт журналисі Елдар Аманбаев мәлімдеген болатын. Италиялық әйгілі футболшы қазіргі жаттықтырушы алайда үміткерлер қатарынан бірден сызылып тасталыпты. Оған себеп - Каннавароның жалақысы тым жоғары болған ұқсайды. Сондай-ақ, құрама бас бапкерлігіне Массимо Каррераның кандидатурасы да қарастырылғаны мәлім. Бірақ, ҚФФ бұл нұсқада да нақты бір шешімге келе алған жоқ. Дереккөздің мәліметіне сай, Әлиевтің орнына тағы еуропалық бірнеше маман қарастырылған көрінеді. Әйтсе де, Әли Әлиев әлі де ресми түрде құрама тізгінінде қалып отыр. 

Айта кетейік, ӘЧ-2026 іріктеуінде Қазақстан Әли Әлиевтің бас бапкерлігімен J тобында ең соңғы орындардың бірінде тұр. 5 матчтың төртеуінде ұтылып, біреуін ғана жеңіспен аяқтады (Лихтенштейнді 2:0 есебімен). Соңғы ойында Бельгиядан 0:6 болғаннан кейін Әли Ханәліұлы өз орнын босататынын алға тартқан еді. Бірақ, ҚФФ оның арызына қол қоймай отырған көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров