Жарнама
Жарнама

Фалькао әлем чемпионатына бармайды

24.01.2014, 10:48
Жарнама
Жарнама
Дәл осы күндерде күллі әлем назары Франция жеріне ауды. Дәл осы елден адам сенгісіз суық хабар тарады. Колумбия ұлттық құрамасы мен "Монако" футбол клубының шабуылшысы Радамель Фалькао жарақат алуына байланысты жазда Бразилия жерінде өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Франция кубогі үшін болған ойында "Монако" әуесқойлардан құралған "Мон д'ор Артег " командасымен күш сынасқан. Дәл осы ойын барысында Фалькао қарсылас қорғаушысынан өте ауыр соққы алған. Қалай болған күндеде Колумбия ұлттық құрамасы ең негізгі жұлдызынан айрылды. Радамель болса енді бірнеше ай бойы ем-дом қабылдауға мәжбүр болмақ. Өйткені, жарақат өте ауыр. Футболшының тізесіне тиген ауыр соққыдан тізе қоспасы ажырап кеткен. Айта кетерлік бір жайт, Фалькао бұған дейін де дәл осындай жарақат алып үлгерген. Бірақ, ол кезде футболшы небәрі жиырма жаста болған. Аргентинаның "Ривер Плейт" командасында доп теуіп жүргенде оң тізесін жарақаттаған. Бүл жолы сол аяқтың тізесі сыр беріп отыр. Алғашқы жарақаттан толығымен жазылып, өзінің алдыңғы деңгейіне жету үшін бір жарым жылдай уақыт кеткендігін ескеріп, бұл жолғы жарақаттың қаншалықты ауыр екенін өздеріңіз шамалай беріңіздер. Ал "Монако" басшыларына енді Радамельді ауыстыра алатын шабуылшы қарастыру керек. Клуб сенген серкесінен айрылды. Енді кімді кінәларын білмей дал болып отыр. Фалькаоға жарақат жеткізген ойынды көзімен көргендердің айтуынша, ойын өте лас болған көрінеді. Әуесқойлардан құралған команда қалай болған күнде де ештеңе жоғалтпайтыны анық. Сондықтан, олар өздерінің жұлдызды қарсыластарына қарсы өте қатаң ойнаған көрінеді. Әрбір ойын сәтінде олар монегаскілерді аяқтан теуіп қалуға тырысыпты. Осындай футболға жат, тұрпайы іс-әрекеттің құрбаны боп Радамель Фалькао кете барды. "Монако" бас бапкері клаудио Раньери мырза барлық нәрсеге сол ойынның төрешісі кінәлі дегенді айтып отыр. Бірақ, одан енді келіп кетер пайда жоқ. Болар іс болды, бояуы сіңді. Өткенді артқа қайтару мүмкін емес. Ал, Фалькаоға шынымен де обал-ақ. Колумбия ұлттық құрамасымен бірге өз құрлығында өтетін әлем чемпионатында біраз жетістіктерге жетерміз деген үміті желге ұшты. Тағы бір өкінішті нәрсе, Фалькаоға жарақат жеткізген футболшы бүкіл әлемге танымал боп шыға келді. Бірақ, бұл футболшының алдағы өмірі туралы бірдеңе айту қиын. Себебі: Радамельдің фанаттары мен Колумбияның аты әлемге әйгілі мафиясы ол футболшыны жайына қалдырмайтындықтарын айтыпты. Бұл футболшының алдағы өмірі қалай болары белгісіз, бірақ Колумбияда бұған дейін әлем чемпионатында өз қақпасына гол соғып алған қорғаушыны айуандықпен өлтіріп кеткен жағдай кездескен!!! Он алты жыл бойы "кофешілер" әлем чемпионатына жолдама ала алмаған. Енді ғана қолдары жеткен кезде, басты жұлдыздарымен капитандарынан айрылды. Карлос Вальдерама жолын бүгінгі капитан Радамель Фалькао жалғастыра алмайтын болды. Әрбір жамандықтың да бір жақсылығы болады демекші мүмкін бұл жағдай Колумбия құрамасына артық стимул, артық мотивация сыйлап жатар, Бәлкім, олар Фалькао үшін де жан-тәнімен таласатын болар. Қалай дегенмен де, тек Колумбия құрамасы емес бүкіл әлем алдағы мундиальдің жарық жұлдыздарының бірінен айрылды. Бразилия жолдамасына қолы жетпеген(Ибрагимович, Левандовский, ) сұрмергендер сапына енді Радамель Фалькао қосылды. Өкінішті-ақ!    Жәнібек Әбішев            
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Қарсы алыңыздар,Стротман
Келесі жаңалық
Жаңа «Ақсүйек»