Жарнама
Жарнама

Фантазиста. Зидан vs Бразилия

2026 жылды біреу қысқы Олимпиадамен байланыстырар, ал біз секілді футболмен ауыратындар үшін ол — Солтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатының жылы.

Жарнама
Жарнама

Мұндай турнирлер таяғанда бір әдет бар: болашақты болжай алмайсың, бірақ өткенге қайта-қайта ораласың. Бала күнімізде істегендей. Құрамаларды тізіп, «мынау фаворит», «мынау топтағы қара ат», «мынау группа смерти» деп өзімізше әлемді бөліп тастайтынбыз.

Қазір футбол басқа. Жылдам, есепшіл, эмоциясы аздау. Сондықтан да шығар, XX ғасырда туып, XXI ғасырда ер жеткен біз олдскул футболды сағынамыз. Әсіресе әлем чемпионаты алдында.

Менің бала күнімнен бері мазалайтын бір сұрақ бар еді.

Егер 2002 жылғы әлем чемпионатының алдында Зинедин Зидан жарақат алмаса, Франция әлем чемпионы бола алар ма еді деген.

2006 жылғы Әлем чемпионатында Зидан өз құрама командасын жалғыз өзі дерлік финалға сүйреп алып шыққанан кейін, бұл сұрақтың салмағы ауырлап, еселене түсті.

Сол кезде бәріміз түсіндік: сен неше түрлі финт жасап, қорғаушыларды алдап өтуің мүмкін, сен керемет айып добын оруындауың мүмкін, сенде әлеуметтік желіде миллиондаған фоловерлер болуы мүмкін, сенде медиялық бейне - әдемі шаш үлгісі мен қыздарды елітетін әдемі күлкің болуы да мүмкін, бірақ сайып келгенде, шешуші сәтте, шешуші ойында алдыңда Зидан тұрса, олардың құны - көк тиын.

Олардың барлығын тарихтың талапшыл таразысында Зиданның аурасы басып кетеді...

2002-де Франция турнирге чемпион әрі Аргентина құрамасымен бірге басты фаворит (Англия, Бразилия кейінгі эшелондағы фавориттер еді) ретінде келді.

Құрамасы мықты. Тәжірибе бар. Сенім бар.

Бірақ турнир алдында Зидан Кореямен болған жолдастық матча жарақат алады...

Сенегалмен болған матчта Зидансыз ойнап көрген француздар күтпеген жерден ұтылды.

Екі дыл бұрын Голландия мен Бельгияда өткен Еуро 2000 турнирінде «Алтын гол» ережесімен жеңіс голын соққан Давид Трезеге бұл жолы допты тек қақпа бағанына ғана дарыта алды.

Бұл жеңілісті көпшілік кездейсоқ сәтсіздік деп балап, келесі матчта француздар уругвайлықтарды Зидансыз жеңуі керек деп үмітттенді.

Бірақ сүреңсіз матч орын алып, Анри қызыл қағаз алып алаңнан қуылы, жарақатынан мүлде айықпаған Зиданды мықты Дания құрама командасына қарсы алаңға шығуына мәжбүрледі.

Даниямен болған матчта, Дания жанкүйерлері «Франция гуд бай» деген плакаттармен келді.

Зидан алаңға жарты денесі бинтке оранып шықты. Бірақ жаралы Зидан француздарды құтқара алмады...

Зидан және ко үйлеріне ерте қайтты.

Италияны мен Испанияны әділетсіз төрешілер үйге қайтарды.

Аргентина – турнирдің бас фавориті біржағынан, осы фаворит атағының салмағын көтере алмай, екінші жағынан, сырталаңдарда 3 қорғаушымен ойнап (сол үшін Дүлей-жынды атанған), экспериметтерден жалықпайтын тактикалық гуру – Марсело Бьелсаның «генийлік ойларының» жүгін көтере алмай, «өлім тобы» (группа смерти) болған F тобынан шыға алмай қалды.

Бұл турнирде аргентиналықтар сапында – қазіргі футбол әлемінің жарық жұлдыз бапкерлері - эль Чоло – Диего Симеоне, Маурисио Почеттино ойын өрнегін көрсеткен болатын.

Ариель Ортега, Хуан Себастьян Верон, Хавьер Дзанетти, Хуан Пабло Сорин, Эрнан Креспо, және Мессидің кумиры («жылауық) Пабло Аймарлар бар бұл құрама команда тойда үміт ақтай алмай.... мақтаған қыз сияқты боп шықты.

Феномен Роналдо бастаған Бразилия құрама командасы турнирді тегіс ойнап шықты.

Осы жерде Зидан жарақат алмай ойнаса да Бразилия ұтар еді деген аргумент мықтырыақ боп шығады.

Франция құрамасы Зиданға тәуелділігімен ерекшеленсе, Бразилия құрама командасы кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін мықты ойыншылардан жасақталған команда еді.

Ал команда бапкері Луис Фелипе Сколари тойшыл, бишіл бразилиялықтарды қатты ұстай білді.

Бразилияның сүйіктісі Ромарионы құрамаға алмағаны сол еді. Команданың микроклиматын құртады деп, «Байшиньоны» («Мәтәқан») әлем чемпионаты алдында команда тізіменен алып тастады.

Ромарио ойнасын деп Бразилия Президенті қоңырау шалды. Бірақ Луис Фелипе Сколари «давай до свидания» деген болу керек, Ромарио турнирсіз қалды.

Командада Роналдо, Ривалдо, Роберто Карлос және т.б. мықтылар жиналған хас шеберлер Бразилияны төртдүркін әлем чемпионы етті.

Роналдо бұл турнирдің үздік сұр мергені атанды.

Дегенмен Бразилия командасында Роналдоға деген тәуелділік болмады.

Мысалға, Англия құрамасымен болатын 1\4 матч алдында Роналдо журналисттерге ертең футбол королінің оралуының куәгері боласыздар деп сендірді.

Алайда, ертеңіне стадиондағы және теледидарға телмірген әлемдегі барша көрермендер футбол әлемінде жаңа жұлдыздың дүниеге келуін тамашалады.

Матч соңында Арсеналдың аңыз қақпашысы Дэвид Сименді команда капитаны Дэвид Бекхэм жұбатумен болды.

Әрине, сол кезде Сименнің басын иығына қойып тұрған Дәуіт (Дэвид) 1 жылдан кейін Барселонада клуб Президентін сайлау науқаны барысында өз сайлауалды бағдарламасын Жоан Лапорта жанкүйерлерге таныстырып, «мені Президент етіп сайлайтын болсаңдар, ертеңіне мен Ноу Кампқа Дэвид Бекхэмді алып келемін» деп уәде беріп (Қосанов стилінде) қадап кететініні туралы ойына да кірмейді.

Сол сияқты оның орнына Барселонаға Д. Сименді жылатқан қара бала баратынын да білмеді....

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров