Жарнама
Жарнама

Федерация еліміздегі футбол клубтарын кенедей сорып жатыр ма?

23.04.2015, 02:08
Жарнама
Жарнама
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік бақылау комитеті ел біріншілігінде өнер көрсететін клубтарды кенедей сорып жатқандай. Себебі, маусым басталғаннан бері Тәртіптік бақылау комитеті клубтарға 4 миллион теңгеден астам айыппұл салыпты, деп жазады«Алаш айнасы» интернет-порталы.  Қазақстан футбол федерациясы таратқан мәлімет бойынша, бүгінде ең көп айыппұл Семейдің «Спартак» клубына салынған екен. Шығысқазақстандық клуб жастар арасындағы бәсекеге команда қоспағаны үшін ҚФФ-ға 1 000 000 теңге аударуы тиіс. Одан кейін «Тараз» клубы тұр. Әулиеата ұжымының жанкүйерлері «Қайраттың» автобусына тас лақтырғаны үшін және матч соңындағы баспасөз жиынын өткізбегені үшін клуб 800 000 теңгеге жазаланған. Бапкерлер арасында Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері Виктор Кумыков ең көп айыппұл төлейді. Бұл маман «Ертіспен» өткен ойында төрешілерді сынағаны үшін 300 000 теңге төлеуі керек болса, дәл осындай әрекеті үшін Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Владимир Вайсс 150 000 теңгеге шығындалады. ТБК-нің 2015 жылғы бас қосуы және ҚФФ-ның клубтарға салған айыппұлдары: 13-наурыз. 300 000 теңге «Ертіс» - 150 000, «Ордабасы» - 150 000 19-наурыз. 400 мың теңге Виктор Кумыков – 300 000, «Ордабасы» - 50 000, «Қайрат» - 50 000 6-сәуір. 2 075 000 теңге «Спартак» - 1 000 000, «Тараз» - 800 000, «Атырау» - 150 000, «Бәйтерек» - 75 000, «Қайрат» - 50 000 9-сәуір. 950 000 теңге «Ордабасы» - 600 000, Борис Китка – 150 000, Владимир Вайсс – 150 000, «Тобыл» - 50 000 21-сәуір. 300 000 теңге «Жетісу» - 150 000 + 150 000 Қорытынды: 4 025 000
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров