"Реалдың" жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде "Қайратқа" қарсы өтетін тарихи матч алдында журналистерге ашық сұхбат берді.
Уругвайлық футболшы Атлетикоға қарсы ауыр жеңілістен кейінгі көңіл-күйді, өзінің формасын іздеу барысын және Қазақстандағы әсерін бөлісті.
"Әрине, "Атлетикоға” қарсы жеңіліс біз үшін ауыр соққы болды. Бірақ біз ол туралы көп ойланып үлгермедік. Футбол – жеңіс пен жеңілістен тұратын ойын. Енді басты мақсатымыз – имиджімізді қалпына келтіру, алаңға барынша мықты болып шығу. Бізді Алматыда өте жақсы қарсы алды, осыған қуаныштымыз.” – деді Вальверде.
Журналистер ойыншыдан соңғы уақытта алаңда неге өзіне тән сенімділік байқалмай жүргенін сұрады.
"Иә, соңғы кездері өзімді толығымен таба алмай жүргенімді сеземін. Кейбір қателіктерім бар екенін мойындаймын. Бірақ бұл мен үшін мотивация. Мен әлі де өзімді іздеймін және Хаби (Алонсо) бұл тұрғыда көмектеседі деп ойлаймын.” – деді ол.
"Көп адам маған қапталдағы қорғаушы позициясы сай емес дейді. Бірақ мен бұл рөлде ойнауды да үйренгім келеді. Кейде жолым болды, кейде болмай қалды. Дегенмен әр позиция маған тәжірибе береді." – деп пікірін білдірді футболшы.
Алдағы ойынға қатысты Вальверде ерекше сенімділік танытты:
"Тактикаға көп көңіл бөлдік, барынша дайындалдық. Атлетикоға қарсы жеңілістен кейін көп нәрсеге назар аудара бастадық. Ертеңгі матчта тек жеңіске ұмтыламыз.” – деді ол.
"Қазақстандық жанкүйерлер бізді кеш болса да жылы қарсы алды. Бұл – футболдағы ең әдемі сәттердің бірі. Осындай алыстағы елге келіп, сонша құрмет көргеніміз керемет әсер қалдырды. Бізде мотивацияның жетіспеушілігі жоқ. Өзімізді өзіміз ынталандыруымыз керек. Ертең жеңіске табанды боламыз.” – деп қорытындылады Вальверде.
Біздің серіктес: FONBET