Лондонда өткен «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының текетіресінде алаңға 2 таймның 63 минутында шыққан Маруан Феллайни небәрі 7 минуттан кейін өзін алмастыруды сұрады. Теледидар алдында отырған көрермендер, тіпті «Матч тв» арнасының комментаторлары Моуриньоның тактикасы күрт өзгерді ме деп топшылады. Бірақ, «Уэмблиде» 2:0 есебімен ұтылған манчестерлік клубтың бас бапкері ойыннан кейінгі баспасөз жиынында мәселенің мән жайын түсіндірді. «Маруан ойын өрнегін өзгертемін деп шықты. Дегенмен, тізесі қайта сыр берді» - деді Жозе. Жартылай қорғаушы 7 қазаннан бері осымен үшінші рет жарақат алды. «ESPN» мамандарының жазғанына қарағанда бельгиялық ойыншы 2 айға дейін ем-дом қабылдайды.
Еске салайық, Феллайнидің клубпен келісім шарты осы жылдың 30 маусымында аяқталады. Денсаулығы сыр беріп жүрген футболшының ойынға толыққанды дайын болуы сиреп барады. Сондықтан, жаңа келісім болар-болмасы белгісіз. Ал Юнайтед болса осы жеңілістен кейін «Манчестер Ситиден» 15 ұпайға қалып келеді.@aibek_kossan
Біздің серіктес: FONBET