Жарнама
Жарнама

«Фенербахче» - Фейеноорд»

12.08.2025, 14:42

Жозе Моуриньоның командасы Роттердамдағы сәтсіздіктің есесін қайтаруға тырысады.

"Динамо" Киев - "Пафос" кездесуі
Жарнама
Жарнама

86-минутта таразы басын теңестіріп ойынның аяқталуына санаулы секунд қалғанда ұтылғаны түркиялықтарға қосымша мотивация болары анық. Оның үстіне бұл «Фенербахче» үшін маусымдағы өз алаңындағы бірінші ресми бәсеке болайын деп тұр. Демек, түркиялық футболшылар ерекше ынтамен өнер көрсетеді деген сөз. Команда біраз жаңа ойыншылармен толығып, жазда біраз жолдастық ойын өткізген. «Лационы» 1:0 жеңіп, тағы біраз бақылау бәсекелерінде керемет нәтиже көрсетті.

«Фейеноорд» үшін қиын болатыны анық. Робин Ван Перси командасын қорғаныста қала бермей, қарымта шабуылдарға шығуға үгіттейтіні түсінікті. Өйткені, роттердамдық клубтың алдыңғы шебінде гол соға алатын орындаушылар жетерлік. Сондай-ақ, эредивизидің маусымашар матчында «Бреданы» 2:0 мен жеңіп, қорғаныста да жағдайы жаман емес екенін байқатты. «Фейеноордтың» қорғаныс шебі бүгін Түркияда да сыр бермей ме?

Бұл ойында барлық мәселе үзілістен кейін шешіледі деп топшылаймыз. Ықтимал нұсқа – екінші таймдағы голдардың жалпы тоталы 2-ден көп болады. Бұған Fonbet.kz-тен 2.30 коэффициентпен бәс тігуге болады.

«Виктория» Плзень – «Рейнджерс»

Чехиялық команда келесі кезеңге шығу үшін бүгін басынан асып секіруі тиіс. Мирослав Коубектің командасына бірінші ойындағы нәтиже өте аз мүмкіндік беріп отыр. Глазгода алаң иелері бірінші таймның өзінде 2 гол салып кеткен. Үзілістен кейін тағы бір доп тоғытып, есепті 3:0-ге жеткізді. Жалпы, ол ойында чехиялықтар бүкіл бәсеке барысында тек екі-ақ рет қақпаны дәл көздей алды. Чехия чемпионатында команда 4 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Шотландиялықтар бірінші матчтан кейін өздерін жақсы сезінеді. Рассел Мартин шәкірттері ол ойында мүмкіндікті мүлт жібермейтіндіктерін паш етті – қақпа бағанасына 5 соққы, 3 гол. «Рейнджерс» өз біріншілігінде 2 ұпаймен 6-орынға жайғасуда. Команданың бар ойы ЧЛ-да екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Біз бұл матчта мынадай ықтимал нұсқаны таңдадық – екінші таймда екі команданың голы. Неге? Үзілістен кейін ашық ойын болуы тиіс. Ал ондайда гол көп кіретіні мәлім. Бұл нұсқаны таңдасаңыздар 2.95 коэффициентке бәс тігесіздер.   

«Копенгаген» - «Мальме»

Швецияда командалар өте сақ ойнап, матчты голсыз аяқтаған. «Копенгаген» маусымды сәтті бастады – Дания біріншілігінің алғашқы үш турында қарсылас шақ келтірмеді. Бірақ, Якоб Нееструптің шәкірттері мұндай қарқынды ұстай алған жоқ. ЧЛ-да «Мальмені» ұта алмаса, өткен демалыста өз чемпионатында «Орхустан» жеңіліс тапты 2:3.

«Мальме» Швеция чемпионатында 19 турдан кейін бесінші орында келеді. Клуб өткен турда «Мьелбюдан» ұтылған болатын 1:3. Ал Еурокубокте әзірге бір деммен келеді. ЧЛ-ның екі кезеңінде қиындық көрген жоқ. Ал Дания чемпионымен болған бірінші кездесуде шабуылдан көрі қорғанысқа көбірек сенім артқан еді. Бүгін скандинавиялық дербиде «Мальме» мықты түсе ме?

Бұл матчта голдардың жалпы тоталы 2.5-тен көп болады деп ойлаймыз. Оның коэффициенті 2.30.

«Пафос» - «Динамо»

Кипрде чемпионат әлі басталған жоқ, алайда «Пафос» үшін бұл кедергі емес. Хуан Карлос Карседо шәкірттері ЧЛ-да екінші кезеңде «Маккаби» Тель-Авивтен қос ойын қортындысында басым түсті (1:1, 1:0). 3-іріктеуде тіптен статусты қарсыласын қапы қалдырды, бірақ жауапты матчта украиналық топ-клуб есесін қайтаруды көздейді.

«Динамо» Киев өткен айналымда мальталық «Хамрун Спартансты» екі ойында да 3:0 есебімен ұтып, бабында екенін байқатқан. Бірақ, өткен аптада Польша жерінде болған бірінші бәсекеде кипрліктерден ұтылып қалды. Украина чемпионатында алғашқы екі турда екі жеңіс – «Верестен» 1:0, «Рухтан» 5:1 есебімен басым түскен болатын.

Бұл матчтағы ықтимал нұсқа – екі команданың голы. Бұған сіздер 1.95 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров