Жарнама
Жарнама

“Фенербахче” президенті Моуриньоны қатаң сынға алды

18.10.2025, 20:25

Түркиялық "Фенербахче" клубының жаңа президенті Саадеттин Саран бұрынғы бас бапкер Жозе Моуриньоның жұмысына байланысты ашық пікір білдіріп, Португалдық маманды өткір сынның астына алды. 

Жарнама
Жарнама

"Өткенге көп тоқталғым келмейді, бірақ жазғы дайындық барысы өте сәтсіз өтті. Португалиядағы жиында команда күніне тек бір рет қана жаттықты. Бұл жағдайдың өзі бәрін айтып тұр.” — деді Саран журналистерге берген сұхбатында.

Президенттің сөзінше, жаңа ойыншылар командаға қосылған кезде Моуриньо әлі бапкер қызметінде болған, алайда небәрі бес аптадан кейін клубтан кетіп қалған.

"Оның кетуі маусым алдындағы жоспарды толық бұзды.” — деді ол.

Саран сондай-ақ Моуриньо кеткеннен кейін клубтың ішкі рухы мен атмосферасы әлсірегенін жасырмады:

"Сол уақытта “Фенербахчеде” өмір тоқтап қалғандай болды, бұл сөзімнің өзі жұмсақтау айтылған нұсқа. Клуб базасына алғаш келгенімде соны өз көзіммен көрдім.” — деді президент.

Бұл мәлімдемелер жанкүйерлер арасында үлкен пікірталас туғызды. Бір бөлігі президенттің сөзін қолдаса, енді бірі Моуриньоның аз уақыт ішінде де командаға әсер еткенін атап өтті.

Саадеттин Саран өз сөзінде клубтың енді жаңа кезеңге аяқ басқанын айтты:

"Қазір “Фенербахче” жаңару сәтін бастан өткеріп жатыр. Команда рухын қайта қалыптастырып, алдағы маусымға байыппен дайындалуда. Өзгеріс уақыты келді, “Фенербахче” қайтадан тіріледі.” – деп сеніммен түйіндеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров